Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов қолданыстағы заңнаманың новеллаларын түсіндіру мақсатында өңірдің полиция қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді. Іс-шараға сондай-ақ облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев, облыстық прокуратураның аға прокуроры Айдынғали Дәулеталдин де қатысты.
Н. Абидов өз сөзінде қатысушылардың назарын қылмыстық заңнамаға қатысты өзгерістерге аударды, жаңа енгізілімдер ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап қолданысқа енгізілгенін атап өтті. «Түзетулер экономикалық және салықтық құқық бұзушылықтарды ізгілендіруге, ҚК 393 – бабын қылмыстық сипаттан арылтуға бағытталған, қосымша жаза тағайындау-мүлікті тәркілеу, шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу және қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу сипатындағы басқа да өзгерістерге қатысты», — деп атап өтті ол.
Түзетулерге егжей-тегжейлі тоқтай отырып, спикер ізгілендірумен қатар, заң шығарушы бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлау үшін жауапкершілікті қатаңдатқанын, оны ауырлығы орташа қылмыстар санатынан ауыр қылмыстарға ауыстырғанын, бұл бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлау белгілері бойынша, мысалы, тараптардың татуласуына байланысты ҚК-нің 68-бабы тәртібінде қылмыстық жауаптылықтан босатудың мүмкін еместігіне әкеп соқтыруы мүмкіндігін де айтты.
Кеңес шеңберінде бірқатар өзекті мәселелер бойынша спикер тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар берді, атап айтқанда қоғамға негізгі новеллаларды түсіндіру бойынша.
Қатысушылар қылмыстық заңнамадағы жаңалықтарды іске асыру мақсатында тергеу-сот тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.