• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жалпы жұрт Қазақстан әскерінің әлеуетіне куә болды

turan_admin turan_admin
07.05.2017, 22:00
Облыс жаңалықтары
Жалпы жұрт Қазақстан әскерінің әлеуетіне куә болды
249
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс, қала басшылығы мен шаһар тұрғындары Т.Рысқұлов атындағы саябақта Астана қаласында өткен Отан қорғаушы күні және ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тікелей эфирден тамашалады.

Еліміздің тарихында айрықша датаға, яғни, Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына тұспа-тұс келген әскери парадтың тікелей көрсетілімін аймақ басшысы Кәрім Көкрекбаев пен қала әкімі Рүстем Дәулет тамашалады. Сондай-ақ осы күні ұйымдастырылған Тұңғыш Президент саябағынан — Төле би және Абай даңғылымен және
Мәңгілік алау мемориалынан Төле би және Абай даңғылымен майдандық әндерді шырқап жүріп өткен Тараз қалалық горнизон бөлімшелерінің әскерилері мен мектеп оқушылары да елорда төрінде өткен әскери парадқа куә болды.



Әскери парадқа арнайы келіп қатысқан, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда елмен бірге қарулы күштер де тарихи модернизациядан өтіп жатқанын, барлық блоктың негізгі бағыты — терроризммен күрес екендігін жеткізді. Сондықтан Қазақстан қай жақтан келсе де кез келген қауіпке тойтарыс бере алатындығын мәлім етті.
– Біз қазіргі таңда әлемдік талаптарға сай келетін әлеуетті әскерімізді жасақтадық. Ел қауіпсіздігінің басты бағыттары айқындалды, әскери доктринамыз қабылданды. Экономикамыз қарқынды дамыған сайын еліміздің қарулы күштері де нығая түсіп, әскери қауіпсіздігіміз «Қазақстан-2050» бағдарламасының басты бағдарларының бірі болып саналады. Жауынгерлеріміз әлемнің әр түкпірінде бітімшілік миссияларынан өтіп, оны абыроймен атқарып шықты. Біздің әскеріміз ТМД мемлекеттерінің ішінде алдыңғы қатарлы әскер ретінде дамуда, – деген Нұрсұлтан Әбішұлы Қарулы Күштердің даму жолына кеңінен тоқталып өтті.
5 мыңнан астам сарбаз қатысқан саптық шеру барысында Қазақ әскерінің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін көрсету үшін лек-легімен танкілер, зеңбіректер бас-аяғы 300-ден аса әскери техника жүріп өтті. Биыл алғаш рет көпшіліктің назарына багги, квадроциклдер, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары ұсынылды. Ал 70-ке жуық ұшақ пен тікұшақ таңдай қақтырар іс-қимылдың түр-түрін жасап, авиашоу көрсетті. Сондай-ақ әуеде қалықтаған тікұшақтар ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай, аспанда қалықтап, 25 санын бейнеледі. Сонымен қатар парадты тамашалаушылар алғаш рет өз көздерімен 2016 және 2017 жылдары әскеріміздің арсеналын толықтырған су жаңа әскери техниканы, заманауи қару-жарақ үлгілеріне куә болды.
Парадты шаһар тұрғындарымен тамашалған өңірдің сан-саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер әскеріміздің ширек ғасыр ішінде қуаты артып, әлем армиясымен иық тіресе аларлық дәрежеге жеткендігін алға тартты.
– Әскери шеру – мерекелік немесе көзтартарлық іс-шара ғана емес, Қарулы күштеріміздің жауынгерлік қуатын, армиямыздың техникалық тұрғыда жабдықталуын, еліміз бен халқымыздың егемендігі мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін көрсету болып табылады. Бүгінгі парадты көру арқылы айбын әскеріміздің дамығанына куә болдық. Осы арқылы тәуелсіздігіміздің тұғыры берік қолда екендігіне тағы да бір рет көзіміз айқын жетті, – дейді «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков.

Шынболат Сейдуалиев

Тегтер: алауАстанажамбыл обылсыПрезидентТаразшеру
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.