2021 жылдың ақпан айында Жаңатас қаласы жылусыз қалып, орталық қазандық істен шыққан дерегі бойынша прокурорлық қызмет нәтижесі белгілі болды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі.
Сарысу ауданы прокуратурасына сұрау хат жолданып, төмендегідей жауап келді:
2021 жылдың ақпан айында Жаңатас қаласы жылусыз қалып, орталық қазандық істен шыққан дерегі бойынша облыс прокуратурасы талдау жұмыстарын жүргізіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған.
«Сарысу аудандық сотының (әрі қарай – Сот) 27.10.2021 жылғы үкімімен мазут тасымалдаушы Мекеменің директоры Ж.Накипов және Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімнің (әрі қарай — Бөлім) бұрынғы басшысы Е.Бейсенбековке қатысты бас бостандығынан айыру және шектеу жазалары қолданылған.
Бұдан бөлек, Жаңатас қаласын жылумен қамтамасыз ету жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен тиісті деңгейде ұйымдастырмау және басқа да кемшіліктер бойынша шаралар қабылдау туралы облыс прокуратурасымен облыс әкімдігіне қадағалау актісін енгізген.
Сот үкімі және прокуратура органдарының қадағалау актісі шеңберінде қабылданған нақты шешімдер туралы ақпаратты алу үшін жоғарыда аталған органдарға жүгіну қажет екендігін түсіндерімен.
Сондай-ақ, аудан прокуратурасы 2021-2022 жылдар аралығындағы жылыту маусымында аудан орталығын жылумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға талдау жүргізіп, анықталған заң бұзушылықтар бойынша аудан әкімдігіне қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесімен аудан әкімінің орынбасары С.Мамытов, Бөлім басшысы О.Мұқашев, Бөлім басшысының міндетін атқарушы Е.Базарбаев тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймын» деп жауап келді Сарысу аудандық прокуратурасынан.