• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
07.08.2026, 17:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңа қызметтегі Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға алғашқы тапсырмаларын жүктеді

turan_admin turan_admin
14.02.2020, 20:03
Облыс жаңалықтары
Жаңа қызметтегі Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға алғашқы тапсырмаларын жүктеді
702
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірінші аппарат кеңесін өткізіп, онда өңірдің одан әрі дамуы мен экономикалық және әлеуметтік саясаттағы басым бағыттары туралы өз ойларын ортаға салды.

—  Ең басты талап –  Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс жақсы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді. Осы қарқынды төмендетпеу керек, — деп атап өтті өңір басшысы.

Облыстың әлеуеті айтарлықтай жоғары, алайда ағымдағы жылдың бірінші айында өнеркәсіп, қайта өңдеу, инвестиция тарту сияқты салаларда төмендеуге жол берілген. Игерілген қаражаттың көлемі бойынша айтарлықтай артта қалуы байқалған. Осы бағытта бюджеттік бағдарламалардың орындалу бойынша жұмыстарды күшейту қажет. Аймақ басшысы бірінші тоқсанның қорытындысы өткен жылдың нәтижесінен кем болмауы тиіс екенін баса айтты.

Жұмыссыздық деңгейі-4,8 пайызды құраса, ол республикалық орташа мәннің деңгейінде.  Бірақ бұл ретте облыста өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны әлі де көп. Сондықтан «Қазфосфат» ЖШС және «Еврохим» сияқты жергілікті өнеркәсіптің алыптарымен тығыз жұмыс істеу, өңірге ірі отандық және шетелдік инвесторларды тарту қажет.

Облыс аумағы арқылы үш ірі газ құбыры өтеді десек, бұл өңірдегі елді мекендерді газдандаруда зор мүмкіндік береді. Жиынды осы жайтқа назар аудара келе,  облыс әкімі Амангелді газ кен орнының да қарқындылығын арттыру үшін салалық министрліктің көмегімен ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.

Жамбыл өңірі аграрлық аймақ болып табылады. Сондықтан ауыл шаруашылығын ілгерілету облыстың жалпы дамуына ықпал етері сөзсіз. Қазір суармалы жерлердің көлемін ұлғайту бойынша мемлекеттік қолдау аз емес, соны кеңінен пайдалану және оларды пайдалану тиімділігін арттыру қажет.

Басқосу  барысында  егістіктерді әртараптандыру, рентабельді дақылдарға, майлы дақылдарға көбірек көңіл бөлу, жергілікті қант зауыттарын одан әрі жүктемесін арттыру үшін қант қызылшасының көлемін ұлғайту маңыздылығы да айтылды. Күн тәртібінде көтерілген  мәселелердің бірі – көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, ауыл шаруашылығы техникасын уақытында дайындау, жоғары сапалы тұқым сатып алу және отырғызу болды.

Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобасының  міндетті түрде өз жалғасын табатындығын, ол бастапқы қарқынының төмендемеуін баса айтыпе, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

— Ауыл тұрғындары жыл бойы жұмыспен қамтылып,  егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналысуы керек. Бұл орайда пилоттық жобаға бөлінген 7,2 миллиард теңге толық көлемде игерілуі тиіс. Біз жобаның өміршеңдігін көрсетуіміз керек, бұл алдағы уақытта қаржыландыру көлемін ұлғайтуға және көп адамдардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті облыс басшысы.

Айта кету керек, Жамбыл өңірі  өз-өзін көкөністер мен жемістермен,  әсіресе маусымаралық кезеңде толығымен қамтамасыз ету үшін әлеуеті жетеді.  Бұл орайда көтерме-тарату орталықтары жақсы жұмыс істейтін Қарағанды облысының тәжірибесіне сүйене білу керектігі назар аударылды.

Халықаралық әуежайға ие бола отырып, тек ішкі қазақстандық бағыттар бойынша ғана емес, еларалық әуе қатынастарының санын бірнеше есе ұлғайту қажет.

Сондай-ақ, әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы тиісті деңгейде жүргізілуде десек, бұл үрдіс өз деңгейінде жалғастырылмақ. Білім беру саласында апатты және үш ауысымды мектептерді жою үшін 17 мектеп ашу қажет.

Сонымен қатар, тауар айналымын ұлғайту үшін облыстың транзиттік әлеуетін кеңінен пайдаланған жөн, баламалы энергетика саласында алты станцияның құрылысын аяқтау және КЭС, ЖЭС-терден алынатын электр энергиясының жиынтық қуатын 400 мВт-қа дейін жеткізу көзделуде.

Жиында жамбылдықтардың табыс деңгейін арттыру, салық салу базасын ұлғайту, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, жалақы бойынша берешектерді жою, медициналық қызмет сапасын арттыру, денсаулық сақтаудағы бюрократия деңгейін төмендету, жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу, ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту сияқты өзекті мәселелер де  жан-жақты көтеріліп, сараланды.

Кеңесті қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев жауапты мемлекеттік органдар Қордай ауданында болған оқиғалардан қорытынды шығару керектігін атап өтті.

«Бұл жағдай бізге сабақ болу керек. Осы секілді қайғылы оқиғалар алдағы уақытта қайталанбас үшін тиісті шешім шығара білуіміз қажет. Мемлекеттік органдар, жұртшылық пен интеллигенция өз күш-жігерін біріктіріп, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс», — деп түйіндеді ол.

Жамбыл облысы әкіміның баспасөз қызметі

Тегтер: Сапарбаев
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15
Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

07.08.2026, 11:07
«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

07.08.2026, 08:46
ChatGPT Edu және цифрлық білім: «Әділет» Жамбылдағы кездесуде жаңа бастамаларын таныстырды

ChatGPT Edu және цифрлық білім: «Әділет» Жамбылдағы кездесуде жаңа бастамаларын таныстырды

06.08.2026, 22:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Халық үні»: басты міндет – сайлаудың ашықтығын бақылау

07.08.2026, 13:12

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

07.08.2026, 11:07

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

07.08.2026, 08:46

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.