Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов облыстық соттың жалпы отырысында жаңа судьяны таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 02 мауысымдағы №906 Жарлығымен Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Жанна Есболовна Байдаулетова тағайындалды.
Лауазымға тағайындалған судья құқық қорғау органдары мен сот саласында үлкен тәжірибеге ие.
Облыстық соттың төрағасы Е.Ахметжанов судьяны тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметіне табыс тіледі.
Дереккөз: Жамбыл облыстық соты






