• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 07:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жұмыспен қамту шаралары арқылы 734 мың қазақстандық жұмысқа орналасты

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту шаралары қаралды.

turan_admin turan_admin
17.10.2023, 13:46
Қазақстан жаңалықтары
Жұмыспен қамту шаралары арқылы 734 мың қазақстандық жұмысқа орналасты
40
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында биылғы жыл басынан бері барлық облыс әкімдері Ұлттық жобалар, «Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бастамасы, мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары, жұмыс берушілер ұсынатын бос жұмыс орындары және жұмыс күшінің ұтқырлығы бағдарламалары шеңберінде халықты жұмыспен қамтудың нақты шаралары бекітілгенін хабарлады.

Мәселен, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 45 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша және т.б. жұмыспен қамтылған азаматтардың 45%-ын жастар құрайды. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі 2 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды.

Еңбек биржасында жарияланған бос жұмыс орындары арқылы 228 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Олардың 62%-ы ауыл және балық шаруашылығы, құрылыс және өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Тұрақты жұмысқа жіберілген азаматтардың 46%-ы – жастар.

ҚР Президентінің әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі бастамасы аясында 278 мыңнан астам азамат жұмысқа орналастырылды. Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына шамамен 181 мың адам жіберілді. Сонымен қатар жастарға бизнес-жобаларды іске асыруға шағын несиелер мен гранттар беру үдерісі жалғасын тауып отыр.

Отырыста кейбір өңірлердің басшылары да сөз сөйледі. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жастарға шағын несие беру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру туралы баяндады.

Премьер-Министр атап өткендей, Үкімет алдында биыл 1 млн-ға жуық адамды жұмысқа орналастыру міндеті тұр. Қазіргі таңда жалпы 734 мың адам жұмыспен қамтылды. Олардың жартысы – жастар.

«Қалған 2,5 айда жоспарлы көрсеткіштердің бәрі орындалуы тиіс», — деп атап өтті ол.

Жалпы, әр өңірдің өзінің жұмысқа орналастыру жоспары бар. Онда әрбір өңірдегі еңбек нарығының ерекшеліктері ескерілген. Бұл ретте Премьер-Министр жастарды еңбекке тарту ісіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Әлихан Смайылов бүгінде экономикаға энергетика, мұнай-газ индустриясы, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, IT-саласының мамандары қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты ол Ғылым және Оқу-ағарту министрліктері мемлекеттік білім беру гранттарының тізбесін қалыптастыру кезінде осы бағыттарды ескеруі тиіс екенін баса айтты.

Премьер-Министр бүгінде жұмыспен қамту орталықтары облыстық Еңбек ұтқырлығы орталықтары болып қайта құрылғанын еске салды. Жалпы, аталған орталықтар жұмыстарын біршама жаңғыртып, қайта ұйымдастырды.

«Енді Еңбек министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, осы орталықтар арқылы жұмысқа орналастыру жүйесіне мониторинг жүргізу механизмін жетілдіруі тиіс. Міндетті зейнетақы аударымдары бар электрондық еңбек шарттарының жасалуына ерекше назар аудару қажет», — деп атап өтті ол.

Қорытындылай келе, Үкімет басшысы өңірлерде құрылып жатқан жұмыс орындарының сапасын арттыру қажеттігін, атап айтқанда, мемлекеттік қолдау аясында ғана емес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен жеке инвесторлар арқылы да қамтамасыз ету, бос жұмыс орындар жәрмеңкелерін жүйелі түрде өткізу және Астанада іске асырылып жатқан «Жолтап» пилоттық жобасын үлгі ретінде пайдалану, сондай-ақ жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктері туралы халықты хабардар ету шараларын күшейтуі тиіс екенін атап өтті.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzӘлихан СмайыловжастарЖұмысқа орналастыружұмыспен қамтуҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіСветлана ЖакуповаҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13
Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40
Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14
Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.