• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жұмыс берушілерді өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге шақырды

06.03.2021
0
Жұмыс берушілерді өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге шақырды
661
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыста 618 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді десек, оның 155 мың шаршы метрі – көппәтерлі үйлер, 463 мыңы – жеке үйлер.

Облыстық әкімдікте өткен басқосу барысында құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров ағымдағы жылы 721 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отырғандығын жеткізді.

— Өткен жылы 24,9 миллиард теңгеге 66 көпқабатты тұрғын үй салынды. Ал, биыл 74 тұрғын үйдің құрылысына 23,9 миллиард теңге бөлінді. «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша ауыл тұрғындары 108 үй салуға ниетті, — деді Ж.Шалдаров.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыста 30505 адам тұрғын үй кезегінде тұрғандығы айтылды.

— Өткен жылы пәтерлерге қарағанда жеке үйлер көп салынды. Егер біз осылай жалғастыра беретін болсақ, кезекте тұрғандар саны азаймайды. Біздің мақсатымыз – әрбір отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету. Жеке қабылдаулар кезінде де және әлеуметтік желілерде жамбылдықтар тұрғын үй мәселесін жиі көтереді. Олардың дені өз кезегін он жылдан бері күтіп келе жатқандықтарына шағымдануда, — деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдардың ҚР Ұлттық Банкінің филиалымен өзара әрекетін күшейтудің маңыздылығына назар аудартты.

— Бұл орайда Мемлекеттік бағдарламалардың берер мүмкіндігі мол, дегенмен ол толық көлемде пайдаланылмауда, — деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақ басшысы өз сөзін айқындай түсіп, Жамбыл облысы «7-20-25» бағдарламасы бойынша рәсімделген несиелер саны бойынша 17 облыстың ішінде 14-ші орында тұрғандығын тілге тиек етті.

Ұлттық банк филиалының басшысы Евгений Шарыгин алдымен әлеуетті сатып алушыларды анықтап алып, содан кейін ғана үй құрылысын жүзеге асыру бойынша ұсынысын ортаға салды.

«Отбасы банкі» АҚ қалалық филиалының директоры Гүлзат Бекназарова «Шаңырақ» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыстың сегізінші орында екендігін, ал «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы 357 отбасы баспаналы болғандығын тілге тиек етті.

— «Отбасы банкі» базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық құрылды, ол тұрғын үй сатып алуға ниетті адамдардың есебін жүргізумен айналысады. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандарды жеке жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. Ал мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік қызметкерлер қатарындағы кезекте тұрғандар оны жеңілдетілген займ арқылы сатып алатын болады, — деді Г.Бекназарова.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар айында Тараздағы жаңа тұрғын үй құны үш пайызға өскен. Бұл соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Айта кету керек, мұндай өсім, республиканың барлық ірі қалаларында байқалуда. Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы да бес пайызға артқан. Бұл жамбылдықтардың мемлекеттің қолдауынсыз жеке баспаналы болуын одан әрі қиындата түскені сөзсіз.

Сондай-ақ, Жайықбай Шалдаров қызметкерлері үшін өз есебінен типтік жоба бойынша тұрғын үй салатын ауылдық жұмыс берушілердің шығындарының бір бөлігін субсидиялау тетігінің әзірлену барысы туралы баяндады.

— Бүгінгі таңда бар жоғы 43 шаруа қожалығынан 109 ғана ұсыныс түсті. Әрине, бұл мардымсыз көрсеткіш десек, осы ретте аудан әкімдері жұмыс берушілермен түсіндірме жұмыстарын тиісінше жүргізе алмауда, — деп шағымданды ол.

Аймақ басшысы жиынға бейне-байланыс арқылы қатысып отырған аудан әкімдеріне бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеуді тапсырды.

— Қаржы институттарын қолдау тетіктері тұрғын үй мәселесін шешуге тиімді ықпал етер еді. Бірақ құрылыс басқармасы мен аудан әкімдіктері оларға өз ұсыныстарын білдіруде немкеттілік танытуда. Салалық басқарма тек көрсеткіштерді ғана алға тартуға дағдыланған, ал жалпы жағдайды жан-жақты талдап, жаңа бастамалар көтеруге құлықсыз, — деді Бердібек Сапарбаев.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына ұшырады

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына ұшырады

28.07.2025
Жамбыл ауданында тұрғын үй маңындағы шөп өртенді

Жамбыл ауданында тұрғын үй маңындағы шөп өртенді

28.07.2025
Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Таратунин өмірден өтті

Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Таратунин өмірден өтті

28.07.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

28.07.2025
Шымкент әкімінің орынбасары Берденовке шабуыл жасалды

Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды

28.07.2025
Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты

28.07.2025
Қазақстанда жаңа оқу жылы бір күнге кеш басталады

Қазақстанда жаңа оқу жылы бір күнге кеш басталады

28.07.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты