• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
08.08.2026, 03:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Зайырлылық және діни ахуал

turan_admin turan_admin
10.11.2019, 10:07
Азаматтық қоғам институттары, Облыс жаңалықтары
Зайырлылық және діни ахуал
543
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Зайырлылық – адам құқықтарын, соның ішінде ар-ождан бостандығы мен діни сенім еркіндігін құрметтеп, қорғау аясындағы мемлекет пен діннің өзара ықпалдасуы.Зайырлы мен қасиетті, парасат пен иман ұғымдарының бір-біріне қайшы келмейтінін ұмытпаған жөн.

ҚР Конституциясының 14-бабының 1-тармағына сәйкес «Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең», 2-тармағына сәйкес «Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды», 19-бабының 1-тармағына сәйкес «Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы».

Зайырлылық «дінді өмірден аластату» емес. Адамның жеке тұлға әрі қоғам мүшесі ретінде үйлесімді даму мүмкіндігіне қол жеткізуі үшін зайырлы мемлекет бар жағдайды жасайды. Зайырлы мемлекет – діни ұйымдардан алшақ болуының нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды діни нормалар негізінде емес, азаматтық келісім негізінде реттейтін, мемлекеттік органдары діни тұрғыдан шешім қабылдамайтын мемлекет. Зайырлы мемлекеттің заңнамасы толығымен немесе ішінара діни қағидаларға сәйкес келуі мүмкін болса да, оның зайырлылығы діни түсініктерге қарама-қайшылығымен емес, одан азат болуымен анықталады. Зайырлы елде адам ешқандай діни ұйымға қатыспай да өмір сүре алады.

Дін зайырлы мемлекеттің ажырамас бір бөлігі болғандықтан, Қазақстан Республикасы дінге баса мән беруде. Қазіргі дін мәселесіндегі өзекті жәйттардың бірі – зайырлы жүйе анықтамасын дұрыс қалптастыру.

Ғалым-философ А.Айталы: «Зайырлы мемлекеттерде неке, отбасы, ана мен баланы қорғау, денсаулық, білім басқа да заңдарды қабылдауға діни конфессиялар белсенді араласады. Себебі бүгін ұлтты ұлт ететін, оның мәдениеті мен тілінің арқауы, оны ширататын, басын қосатын, біріктіретін – дін. Ислам мұрасы біздің елде ұлттың тұтастығына жұмыс жасайды. Сондықтан, мұсылмандық пен қазақ ұлттық құндылықтарының арасына жік салу ұлтымызға қауіп төндіретіні анық», – деген пікірді келтіреді .

Демократиялық бағытты ұстанушы ел ретінде Қазақстан экстремистік сипаттағы ағымдардан өзге қандай да бір діннің немесе діни ағымның қызметіне тосқауыл қоймайды. Бұл мәселе көптеген халықаралық актілер мен қолданыстағы заңдарға қайшы келмеуі тиіс. Әйтсе де, кейбір азаматтардың түрлі келімсек діни ағымдардың жетегінде кету фактілері орын алуда. Сондықтан, Қазақстан қоғамы үшін діни ағарту жұмысын жүргізу – өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда осы салада ел азаматтарының дүниетанымына қажетті білімнің әлі де жетіспейтіндігі байқалады. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының аталмыш мәселеге қатысты қажетті қосымша заңнамалық актілерінің жетілдірілуі – заман талабы.

Зайырлы мемлекеттегі құқық – дінге сүйенбеген құқық, ал зайырлы мемлекет – діни сенім жүйелеріне негізделмеген мемлекет.

Ешбір дін мемлекетттің саяси билігінің қайнар көзі болып көрсетілмейді, конституция дінге негізделмейді, белгілі бір дінді қолдамайды (десек те ұлттың қалыптасуының тарихи және рухани-мәдени өзегі болатын исламның ханафиттік бағыты мен православиелік христиандықтың тарихи-мәдени мұра тұрғысынан ерекшелігін тани отырып, олардың дамуына жағдай жасайды), ел ішінде дін өкілдерінің конституциялық құқық бойынша әрекет етуін талап етеді, дін және мемлекет істерінің ажыратылуы сияқты функцияларды қамтиды.

Зайырлылық – білім мен ғылымға, еркін ойға сүйенген ұстаным.

Мемлекет тіршілігіне тән әрекет, іс-шараға қатысты болып табылатын зайырлылық, жеке тұлғаның жеке ісі мен сеніміне, отбасына қайшы әрекет етпейді, діндарлығына да араласпайды.

«Зайырлы ел» деген тіркестің ішкі мазмұны мен ұстанымдық функцияларына нақты түсіндірмелер жасалуы керек. Түсіндірмелер мәдени, тарихи сана мен діни, өркениеттік тәжірибені ескеріп жасалуы тиіс. Дін құбылысы – моральдық тұжырымы мен діни-ғұрыптық қыры бар, аксиологиялық сенім мен құлшылықтар институты.

Зайырлы мемлекеттегі дін еркіндігі дегеніміз:

• биліктен немесе жеке азаматтар тарапынан, заң арқылы немесе басқа жолдар арқылы қысым көрмеу,
• қорқыту саясатына ұшырамай қалаған дініне сену,
• оның сенімдік талаптарын еркін орындау,
• сенген діні мен кұлшылығын сол діннің негізгі тілінде жасау,
• сол дінді ерк үйрену,
• мемлекет тарапынан белгіленген заңға сай әрекет ету шартымен жеке немесе қоғамдық жағдайларда өзінің сенген дінінің жолымен жүру мүмкіндігі деген сөз.

Жоғарыда аталған зерттеу бағыттары зайырлылықтың қазақстандық үлгісін дамытуға мүмкіндік бермек.

Заманауи талаптарды ескере отырып, зайырлылықтың қазақстандық моделін дамыту қажет. Ол үшін төмендегідей іс-шараларды жүзеге асыру үрдісін жалғастыру маңызды:

— заманауи қазақстандық қоғам өмірінде әлеуметтік-мәдени институт ретінде діннің орны мен маңызын зерттеуді жалғастыру;

— басқа ұйымдардың қатарында әлеуметтік институт ретінде діннің мәртебесін айқындайтын зерттеулер жүргізу;

— конфессиялардың қызмет ауқымын зерттеп отыру;

-түрлі әлеуметтік топтар мен аймақтарды есепке ала отырып, азаматтардың діндарлығының сипаты мен үрдістерін зерттеу;

-діни менталитет пен азаматтық әлеуметтендіру үдерістерінің өзара байланысын зерттеу;

— этноконфессиялық өзгерістерге талдау жүргізу;

— діни ұйымдардың әлеуметтік қызметінің ерекшеліктерін зерттеу;

— заманауи әлеуметтік үдерістегі жаңа діни ұйымдардың рөлін зерттеу.

Қазақстанда қалыптасқан қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдай – мемлекеттің конституциялық зайырлы сипатының жемісі. Қазақстан Республикасының бүгінгі зайырлылығы, конституциялық құрылымның демократиялық, әлеуметтік, дүниетанымдық негіздермен өзара байланысы – діннің қоғамға күшпен ендірілмейтіндігінің, ешбір діни ұйым мемлекеттік болып саналмайтындығының және азаматтардың еркіндігінің айғағы.

Қорыта келгенде, Қазақстанның көркеюі мен мемлекеттік және азаматтық институттарының дамуы зайырлылықтың дамуына өзіндік үлесін қосады деп тұжырымдауға негіз бар.

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05
Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

07.08.2026, 18:49
Қайтарылған активтер – ауыл тұрғындарының игілігіне: Мойынқұмда ауыз су жүйесі жаңғыртылуда

Қайтарылған активтер – ауыл тұрғындарының игілігіне: Мойынқұмда ауыз су жүйесі жаңғыртылуда

07.08.2026, 17:22
Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05

Диалог пен медиация: тұрақтылық кепілі

07.08.2026, 18:49

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43

90-нан аса елден 1900-ден аса жи-фильм Аstana ai film festival байқауына ұсынылды

07.08.2026, 18:11

Жамбылдық жас айтыскерлер мен жыршылар Алина Айдаралымен жүздесті

07.08.2026, 17:28

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.