• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:50
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Заң заман талабы» атты тренинг пен “Жүректен жүрекке” атты акциясы өтті

“Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” КММ нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен 31 шілде күні сағат 10:00 де Қордай ауданы, “Amanat” партиясы ғимаратында «Заң заман талабы» атты тренинг пен “Жүректентен жүрекке” атты акциясы өткізілді.  

turan_admin turan_admin
05.08.2024, 18:12
Жаңалықтар
«Заң заман талабы» атты тренинг пен “Жүректен жүрекке” атты акциясы өтті
134
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

   Іс-шараға, “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Әбдиев Еркін Қайырбекұлы,  «Жамбыл облысы пробация қызметіне” басшылық ету бөлімшесінің аға инстпекторы, әділет аға лейтенанты әрі заңгер – Жазира Нурсеитова, “Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” КММ-нің басшысы – Ақсана Елеусізова, “Жамбыл облысы қылмыстық атқару жүйесінің департаменті Қордай аудандық пробация қызметінің” бастығы – Темірхан Ошанов және пробация есебінде тұрған аудан тұрғындары​қатысты.
        Акцияның негізгі мақсаты — әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.  Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, «Заңды білу – заман талабы». Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты. Азаматтардың басым көпшілігі өз құқығын жете білмесе де, оны білуге аса қызығушылық танытпауда. Заман ағымына сай заңдар жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұрады. Адамдар да осы ағымнан қалмай, қатар жүруге үйренуі тиіс.Ауданымыздың пробация есебінде тұрған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай оны өз пайдасына қолдануға, заңдық дағдыларды дамыту сынды дүниелер қамтылды.

          Сондай-ақ спикерлер тарапынан да тағылымды ақпараттар берілді. Мәселен, “Жамбыл облысы пробация қызметіне басшылық ету бөлімшесінің” аға инстпекторы, әділет аға лейтенанты әрі заңгер – Жазира Нурсеитова облысымызда пробация есебінде тұрған азаматтарға қандай мүмкіндіктер бар екенін жік-жігімен атап өтті. Яғни, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, медициналық көмек алу, орта білім алу, кәсіпті меңгеру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру), жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, психологиялық демеуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу, Келу орнымен қамтамасыз етуді, оңалту іс-шараларын ұйымдастыруды, мәдени іс-шараларға қатысуға тартуды, әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу арқылы қамтамасыз етілетінін ашып айтты.“Жамбыл облысы Қордай ауданы  әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” КММ-нің басшысы – Ақсана Елеусізова —жергілікті атқарушы органдары пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету саласындағы өкілеттіктерді атқаратыны жайлы айтып өтті. “Жамбыл облысы қылмыстық атқару жүйесінің департаменті Қордай аудандық пробация қызметінің” бастығы – Темірхан Ошанов, былай деді- “Қордай ауданы әкімдігінің жанынан қылмыстық жазаларды және қылмыстық заңнаманың өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыс жасаған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында консультация –кеңесші орган құрылды. Қылмыстық жазаларды өтеу және консультативтік-кеңесші орган тоқсан сайынғы отырысты өткізіліп отырылады және жиында бұрынғы сотталғандар мен пробация қызметінің есебінде тұрғандарды әлеуметтік көмекпен қамтуды барынша қамтамасыз ету үшін барлық жайттар талқыланады”. Шараның модераторы “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті —Әбдиев Еркін Қайырбекұлы өз кезегінде әрбір азаматтың өз құқығы бар екені жайлы түсіндірді және мынадай мысалдар келтіріп өтті:

1) мына мәселелер бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету:

     — медициналық көмек алу;

—кәсіпті меңгеру (кәсіптік даярлау,қайта даярлау және біліктілікті арттыру);

     — жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

     -психологиялық демеуді қамтамасыз ету;

      2)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу;

      мыналарды:

     — әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация беруді;

     — әлеуметтік патронажды және т.б

 Қайырымдылық – жүректегі мейірімнің сәулесі. Яғни, біреуге көмек көрсету, қайырымдылық жасау – адам жанының ізгілігінен, рухани дүниесінің байлығынан, ішкі әлемінің жарықтығынан шығатын игі іс. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай  Қордай ауданында “Жүректен жүрекке” қайырымдылық акциясы өтті. Онда пробация есебінде тұрған, аз қамтылған 15 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Қайырымдылық жасап жатқан жандарға көмек көрсетілген отбасы мүшелері тарапынан өз алғыстарын білдірді.

Тегтер: әлеуметтік тапсырысЖамбыл облысы жастар ұйымыЗТБҚордай ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

19.08.2026, 15:16
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41
Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

05.08.2026, 16:32

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.