• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАУ – МІНДЕТ

turan_admin turan_admin
25.11.2020, 22:32
Облыс жаңалықтары
ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАУ – МІНДЕТ
251
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ауданымызға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде 520 көше бар екен. Көшелердің 305-і тарихи тұлғалардың атымен, 133-і жер-су және 82 көше дәстүрлі атаулармен аталған. Оның ішінде атауы қайталанатын 9 көше және идеологиялық тұрғыдан ескірген, белгісіз тұлғалар есімімен аталатын 19 көше бар. Мағынасы ескіруіне байланысты 3 ауылдың атауын ауыстыру мәселесі күн тәртібінде тұр.
Бұл айғақтар аудан әкімдігінің мәжілісінде атап көрсетілді. Жамбыл ауданында ҚР «Тіл туралы» Заңының орындалу барысы және ономастикалық ахуал туралы хабарлама жасаған аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев мәжілісте талқыланған мәселе бойынша толыққанды ақпарат берді. Ол аудан әкімдігі жанындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне, физикалық-географиялық объектілерге атау беру, оларды қайта атау, атаулардың транскрипциясын нақтылау мәселелері бойынша ұсыныс енгізу жөніндегі жұмысшы тобының жұмысына тоқталды. Жыл басынан бері ономастика бойынша өткізілген 3 отырыста мағынасы ескірген көше атауларының санын анықтау, көшелер бойындағы билбордтар, кермелер мен банерлерді зерделеу мәселелері көтерілген. Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы жұмыс тобының есебі тыңдалған, 12 ауылдық округтің ономастикалық ахуалы қаралған.
Аудан бойынша қаңтар-қараша аралығында екі айлық, акция, рейд, зерделеу жұмыстары ұйымдастырылып, жалпы саны 617 нысанға мониторинг жүргізілген. Бұған қоса, «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңның тиісті баптарының талаптары кәсіпкерлік субъектілері өкілдеріне тұрақты түсіндіріліп тұрды. Жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген айлық пен акция барысында 96 көшеден 617 нысан қамтылып, бірқатар кемшілік анықталды. Бұл ретте жекелеген нысандарға мәтіндердің бір тілде жазылғанын, этикалық талғамға сай еместігін, қателердің орын алғанын айтпасқа болмайды. Көшелерде жаңа үлгідегі аншлагтар ілінбеген үйлер де кездесіп қалады.
Хабарламашы сөз соңында ономастика саласы бойынша сыртқы көрнекі ақпараттарды орнату барысында тиісті талаптардың сақталуын қадағалау, мекеме маңдайшаларын, аншлаг, көрнекі ақпараттар, стендтерді ілмес бұрын олардың жобаларын аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен келісу туралы ұсынысын білдірді. Сонымен бірге объектілер мен әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау барысында қолданылатын заңнамалық нұсқаулықты басшылыққа алудың, бұл жайында тұрғындарға түсіндірудің маңыздылығына назар аударды.
Аудан әкімдігінің мәжілісінде құжаттама және іс-қағаздарының мемлекеттік тілде дайындалуын қатаң қадағалау; сыртқы көрнекі ақпараттар мен мемлекеттік мекемелердің маңдайшаларын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру, елді мекендердегі көшелер мен нысандардағы билбордтар мен кермелерде, тақталарда, ақпараттық жарнамаларда мәтіндердің екі тілде сауатты жазылуын тұрақты түрде зерделеу, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын ретке келтіру, елді мекендерді, нысандарды қайта атау, тарихи топонимикалық атауларды қалпына келтіру барысында тиісті заңнамалар мен нормативтік актілердің мүлтіксіз орындалуын қадағалау; Ұлттық ономастиканың, «Тіл туралы» Заңның орындалуын қамтамасыз ету туралы қаулы қабылданды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.