Бұған дейін әлеуметтік желіде шегірткенің көшінің видеосы тарады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, жоспарланған 17,132 мың гектар жердің 10,524 мың гектары өңделген.
Шегірткеге қарсы күрес шаралары Арал ауданына қарасты Қарақұм, Сазды, Аққұм, Қосаман және Жіңішкеқұм ауылдық округтері аумағында жүргізілген. Мониторинг жұмыстарына 48 маман тартылған.
«Облыс бойынша шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларын жүргізу үшін болжанған жалпы аумақ — 60,024 мың гектар. Жоспарланған аумақтың барлығы бойынша мердігерлермен келісімшарттар жасалған. Өңірде облыс әкімінің орынбасары басқаратын жедел штаб жұмыс істейді, осындай штабтар аудан деңгейінде де қызмет етіп жатыр. Жергілікті жерлерде мониторинг жүргізу және іс-қимылды үйлестіру үшін 279 адам тартылды», — деп жазылған хабарламада.
Үйірлі шегіртке дернәсілдерін анықтау мақсатында 445,8 мың гектар жерге зерттеу жүргізілген. Министрлік мәліметінше, егін алқаптары бүлінген жағдайлар тіркелмеген.