• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.09.2026, 02:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Вице-министр биыл елімізде қай жолдардың құрылысы аяқталатынын айтты

 Көлік министрлігі құрылысы биыл аяқталатын жолдар бойынша ақпарат берді

Turan Redaktor Turan Redaktor
23.02.2024, 20:00
Қазақстан жаңалықтары
Көлік министрлігі
34
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Биыл республикалық маңызы бар 2 091 шақырым жаңа және жаңартылған автожолдар пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Бұл туралы Көлік министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында вице-министр Сәтжан Аблалиев айтты.

2024 жылы республикалық желінің 5,3 мың шақырымын жөндеу, салу және реконструкциялау жалғасатын болады (құрылыс және реконструкциялау – 3,1 мың км, жөндеу – 2,2 мың км). Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық жолдардың үлесі 93%-ға дейін ұлғаяды деп жоспарланып отыр.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес негізгі күш-жігер «Астана – Балқаш – Алматы», «Талдықорған-Өскемен», «Ақтөбе – Қандыағаш» және «Атырау – Астрахань» негізгі дәліздерін реконструкциялауды аяқтауға бағытталатын болады. Жалпы 2 091 шақырым жолды пайдалануға беру және 419 шақырым жолды ашу жоспарлануда», – деді министрдің орынбасары.

Көлік-транзиттік әлеуетті одан әрі дамыту және көлік инфрақұрылымын жаңғырту үшін 2024 жылдан 2030 жылға дейін жалпы ұзындығы 4,7 мың км жаңа жобаларды кезең-кезеңімен іске асыруды бастау жоспарланып отыр.

Бірінші кезеңде 2024 жылы «Қызылорда-Жезқазған» (Ұлытау облысы бойынша учаске), «Ақтөбе-Қызылорда» («Ақтөбе-Ұлғайсын», «Қызылорда-Сексеуіл» учаскелері), «Қарағанды-Жезқазған» және «Сарыағаш қаласын айналып өту» жобаларында жұмыстарды бастау көзделген.

Екінші кезеңде, яғни 2024-2026 жылдары құрылыс-монтаждау жұмыстары «Атырау-Доссор», «Астана-Қостанай-РФ шекарасы», «Атырау-Орал» («Атырау-Индер», «Орал-Чапаево») және «Түркістан қаласын айналып өту» жолдарында басталады.

Үшінші кезең, яғни 2026 жылдан кейінгі кезең жалпы ұзындығы 1 434 км қалған жобаларды жаңғыртуды көздейді.

Қаржыландыру тапшылығын ескере отырып, қозғалыс қарқындылығы төмен жекелеген жобалар бойынша жолдарды 4 жолаққа дейін кеңейту мүмкіндігімен жөндеу жүргізу ұсынылады. Бұл «Павлодар-Успенка» және «Семей-Барнауыл» жолдары.

«Бұдан басқа, салынғаннан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген жолдарды нормативтік жағдайға келтіру қажет. Бұл үшін Еуразиялық Даму Банкі қаражаты алғаш рет 5 мың шақырым ұзындықтағы конструкцияны күшейте отырып, орташа жөндеу бойынша ауқымды бағдарлама жүргізуге тартылатын болады», — деп атап өтті Аблалиев.

Оның айтуынша, орташа жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстар жобалық-сметалық құжаттаманы талап етпейді, сәйкесінше аталған жобалардың іске асырылу мерзімдеріне оң әсер етпек.

ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: Жол құрылысыкөлік министрлігі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

15.09.2026, 18:00
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.09.2026, 10:21
Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54
Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

15.09.2026, 18:09

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

15.09.2026, 18:00

Жамбыл облысында вагон алмақ болған азамат 22 млн теңгесінен айырылды: Күдіктілер ұсталды

15.09.2026, 13:00

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

15.09.2026, 10:46

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.09.2026, 10:21

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.