• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.09.2026, 02:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Вегетациялық кезеңге барынша дайын болуымыз керек, – облыс әкімі

turan_admin turan_admin
27.03.2023, 09:14
Облыс жаңалықтары
Вегетациялық кезеңге барынша дайын болуымыз керек, – облыс әкімі
159
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен жиында вегетациялық кезеңге дайындық, ағын су жүйелерін жөндеу мәселелері сараланды.

Басқосуда «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Ерлан Өтегенов, Жамбыл су қоймаларының басшысы Нарбай Ергебеков, Шу-Талас бассейіндік инспекциясының басшысы Гүлмира Имашева баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Бүгінгі күнге Жамбыл облысындағы республикалық меншіктегі су қоймаларға жиналған судың орташа көлемі 80 пайызды құрайды. Барлық су қоймалары транзит режимінен су жинау режиміне қойылуда.

«Қазсушар» Жамбыл филиалымен ағымдағы жылдың вегетация кезенінде 107,5 мың гектарды суғару жоспарлануда. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 92,8 мың гектарды құраған.

Сондай-ақ, «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекеменің теңгерімінде 113 су қойма мен бөгеттер тіркелген десек,  жалпы жобалық сыйымдылығы 136,617 млн. текше метрді құрайды. Бүгінге дейін 72.177 млн. текше метр су жинақталған. Вегетациалық кезеңге дейін шамамен 116-118 млн. текше метр су жиналады деп күтілуде.

— Ағымдағы жылы 10 су қоймасын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда мердігерлер анықталып, жүргізілетін жұмыстар бойынша іс-шара жоспары әзірленуде. Жұмыстар рет-ретімен басталуда. Сонымен қатар, 5 су қойма бойынша жобалық сметалық құжаттамалары дайындалуда. Ал, Қордай ауданында «Қызылсай» су қоймасын салу үшін ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде,-деді Нарбай Ергебеков.

Ал, ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жол картасы аясында өңірде орналасқан 257 су шаруашылығы нысанына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.

Коммуналдық меншіктегі 232 нысанның 8-іне жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. 43 нысанның жобалық — сметалық құжаттамасы сараптаманың қорытындысымен әзірленген десек, қалған 181 су нысанына аудан әкімдіктері қаражат қарастырып, жобалық — сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптаманың қорытындысымен әзірлеуі қажет. Бүгінде оның 100-іне қаражат қойылған.

Облыс әкімі вегетациялық кезеңге барынша дайын болу керектігін ескертіп, суармалы жерлерге тиісті дақылдарды отырғызуда шаруалармен бірлесіп жұмыс істеу керектігін еске салды.

Сондай-ақ, каналдардың құжаттама жұмыстарын жылдамдату, жөндеу жұмыстарын бақылауда ұстау керектігін баса айтты.

Басқосуда «Ауыл аманаты»  жобасының орындалу барысы да қаралды.

Аймақ басшысы жобаған енген ауылдық округтердегі әлеуметтік мәселелерді  де кешенді түрде шешу маңыздылығын тағы да атап өтті. Ол ауылдардағы жеке қосалқы шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру, қоғамдық өрістерге асыл тұқымды бұқаларды қосу бойынша да тапсырмалардың орындалуын нақтылады.

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

15.09.2026, 18:09
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

15.09.2026, 10:46
Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26
№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығына жаңа директор тағайындалды

15.09.2026, 18:09

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

15.09.2026, 18:00

Жамбыл облысында вагон алмақ болған азамат 22 млн теңгесінен айырылды: Күдіктілер ұсталды

15.09.2026, 13:00

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

15.09.2026, 10:46

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

15.09.2026, 10:21

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.