• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Әулиеатада 2027 жылы орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны 147 мыңға жетеді

Бұл туралы облыстық партия филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында берген брифингінде айтылды.

21.06.2023
0
Әулиеатада 2027 жылы орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны 147 мыңға жетеді
125
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Amanat» партиясының жол картасына сәйкес Жамбыл облысында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Бұл туралы облыстық партия филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында берген брифингінде айтылды. Әсіресе өңір экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған шаралардың келешекте бірқатар жетістікке жететіні баяндамаға өзек болды.

Жол картасындағы алғашқы бағыт «Аймақтың экономикасының дамуы және ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту» деп аталады. Жамбыл облысы аграрлы аймақ болғаннан кейін, біз ауылшаруашлық саласын дамытуды басты назарға алып отырмыз. Жоспарланған шаралардың негізгісі ретінде «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» жобаларына басымдық берілуде.

Облыста 2019 жылдан бері «Жамбыл облысы ауылы тұрғындарының тұрмысын көтеру» пилоттық жобасы қолға алынған болатын. Бүгінгі күні өз нәтижесін көрсеткен тың бастаманың атауы «Ауыл аманаты» болып өзгертіліп, еліміз бойынша жүзеге асырылуда.

Ауылы тұрғындарының тұрмысын арттыру бағытында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы жоспарға сәйкес іске асырылады. Жалпы, 153 ауылдық округтегі 621,7 мың тұрғынды қамту үшін 87,8 млрд. теңге қаражат, оның ішінде үстіміздегі жылы 31,5 млрд. теңге, ал келесі жылы 38 млрд. теңге қажет. Осылайша, алдағы 5 жылда 25 мыңнан астам жаңа жеке кәсіпкерлік құрылып, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 16 мыңнан астам адамға төмендейді, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың саны 7 мыңнан астам адамға қысқарады.

Төрағаның сөзінше «Жер аманаты» бойынша өткен жылы, облыста 208 мың гектардан астам жер, ортақ жайылымға қайтарылған. Жол картаға сәйкес, жыл сайын 40  мың гектар жерді қайтару қарастырылып отыр. Осылайша, алдағы 5 жылда пайдаланусыз жатқан 200 мың гектар жер мемлекетке қайтарылмақ.

Төраға өз баяндамасында аталған бағдарлама аясында 2027 жылға дейінгі мақсаттарымен бөлісті.

Жамбыл облысы ауылшаруашылығына бейім, аграрлық секторды дамытуға әлеуеті жоғары өңір. Сондықтан, 56,8 пайыз тұрғыны елдімекендерде тұрса, 55,7 пайызы аграрлық секторда еңбек етеді. Асыраушы саланы дамыту – ел еңсесін көтерудің төте жолы. Сондықтан партия аграрлық саланы дамытуды басты мақсаттарының бірі етіп отыр.

Яғни, 2027 жылға қарай 150 миллиард теңге құрайтын 18 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 950-ден астам жұмыс орнын құрып, суармалы жердің жалпы көлемін 179,2 мың гектарға жеткізуге ықпал етіледі. Сондай-ақ, 6 су қоймасы – Байзақ ауданындағы «Ақмола», Меркі ауданындағы «Андас-1», «Андас-2», «Андас-3», Қордай ауданындағы «Қалғұтты», «Ырғайты» су қоймаларының құрылысы партия бақылауында болады. Бұл өз кезегінде 31 мың гектар жердің жарамдылығын арттыруға сеп болмақ. Бұдан өзге, бүгінгі күні қолданыстағы 3 су қоймалары – Жуалы ауданындағы «Теріс-Ашыбұлақ», Қордай ауданындағы «Қарақоңыз», Сарысу ауданындағы «Ынталы» қоймаларына жаңғырту жұмыстары партия назарына алынады.

Елдегі ең төменгі айлық жалақы көрсеткіш Жамбыл облысына тиесілі. Аталған бағытта 2027 жылдың соңына дейін облыс бойынша ең кемі 84 мың жұмыс орнын, оның ішінде ең кемі 50 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлік – жұмыспен қамтудың деңгейі мен экономикалық дамудың қарқынын анықтайтын жетекші сала болып табылады. Бүгінде 133,3 мың адамды жұмыспен қамтып, 311,3 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетіп жатқан 92,6 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субьектісі жұмыс істеуде.

Бұл әрине көңіл марқайтатын мәлімет емес, сондықтан шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселесіне баса назар аудару қажет.

Ол үшін алдымен жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар санын 2027 жылы 97 мың бірлікке дейін жеткізіп, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың санын   2027 жылы 147 мыңға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге жұмыс жасаймыз, — деді төраға.

Бұл шаралар 2027 жылға қарай облыс экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік үлесін 23,2%-дан 27,6%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Тегтер: Аманат партиясыДауыл БейсенқұловЖамбыл облысытұрғындардың әл-ауқаты

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты