• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ТУРЛОВ ОҚУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Оқушылар арасындағы шахматтан бірінші әлем чемпионатына Қазақстан атынан он команда қатысады

29.05.2023
0
ТУРЛОВ ОҚУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
357
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Алматыда мектеп командалары арасында шахмат  бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ойындар Алматы қаласында, Республикалық  физика-математика мектебінің базасында өтті. 

Жеңімпаз командалар биылғы тамызда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.  Аталған чемпионат Ақтауда өтпек, онда әлемнің 50-ден астам елінен келетін мектеп  командалары қатысады деп күтілуде. 

12 жасқа дейінгі санатта бірінші орынды Шымкент қаласының №9 IT-лицейінің командасы  жеңіп алса, екінші орын Павлодар қаласының №8 мектеп-лицейінің командасына беріліп,  үшінші орынға астаналық №72 мектеп-лицейі ие болды. 

18 жасқа дейінгі санатта жүлделер былай бөлінді: бірінші орынды чемпионатты өткізетін  мектептің командасы – Алматы қаласының РФММ-1 командасы, екінші орынды Алматы  қаласының №92 М.Ганди атындағы мамандандырылған лицейі командасы жеңіп алса, үшінші  орын Атырау облысының «Білім-Инновация» лицей-интернатына бұйырды. 

Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімі аясында жеке классификация жеңімпаздарының  есімдері де белгілі болды. Ойыншылардың әр командасы төрт тақтада ойнайтын төрт адамнан  тұрды. 

12 жасқа дейінгі алғашқы тақталар арасында Сүлейман Ахмет жеңімпаз атанды. 12 жасқа  дейінгі санаттағы екінші тақталар арасында бірінші орынды Нұрәлі Мұсаұлы, үшінші тақталар  арасында бірінші орынды Аманбек Өтетілеу жеңіп алды. 12 жасқа дейінгі санаттағы жеке  есепте төртінші тақталар арасында бірінші орынды Ибрагим Амангелді жеңіп алды. 

Жеке есепте 18 жасқа дейінгілер бойынша бірінші тақталар арасында бірінші орынды Димаш  Кәрібаев, екінші тақталар арасында бірінші орынды Мұхтар Айнақұл жеңіп алды. Үшінші  тақталар арасында бірінші орын Зарина Нұрғалиеваға, төртінші тақталар арасында Дениз  Құрманалинаға бұйырды. Жеңімпаздар Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур  Турлов пен Алматыдағы РФММ директоры Алмас Күнғожиннен сыйлықтар алды. 

«Бұл шара елімізде өз форматы бойынша бірінші болып өткізілген және мектептер арасындағы  жаңа чемпионат аясында әлемде ФИДЕ туымен бірінші болып Ақтауда өткізілетін жауапты  және маңызды шара болды. Алдағы жарыста балаларымыздың болашағы зор екеніне  сенімдімін. Араларыңызда бапкерлері мықты, ісіне шынымен жаны ашитын тамаша  шахматистер бар. Бұл біздің федерация ретінде балаларымыздың ойын тәжірибесін арттыру,  халықаралық жарыстарға қатысуы үшін атқарып отырған үлкен жұмысымыздың басы ғана.  Қатысушыларға көп рақмет!» — деп атап өтті Тимур Турлов. 

Негізгі жеңімпаздардан бөлек, мектеп командалары арасындағы әлем чемпионатына өз  санаттарында төртінші орын алған командалар жіберіледі. Ол 12 жасқа дейінгі санаттағы  Астана қаласының РФММ командасы және 18 жасқа дейінгі санаттағы Алматы қаласының  ФМБ НИМ командасы. 

«Сонымен қатар, Ақтау қаласы да халықаралық турнирге қатысуға мүмкіндік алады. Бұл  қаладан №7 мектеп-лицей мен IT мектеп-лицейінің командалары ойнайды. Олар ел  чемпионатының іріктеу ойындарында жеңіске жетіп, тамыз айында Қазақстан атынан  қатысатын командалардың қатарына қосылады», — деп бөлісті Қазақстан шахмат  федерациясының президенті. 

Турнир қорытындысы бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның намысын он мектеп  командасы қорғайды. Қазақстан чемпионатына барлығы 225 бала қатысты. Байқаудың бас  серіктесі Freedom Holding Corp. Ұйымдастырушылар – Алматы қаласы әкімдігінің қолдауын  алған Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ). 

Тегтер: ТИМУР ТУРЛОВшахмат

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты