• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Туристер Тараздың тарихи-мәдени орындарын аралады

turan_admin turan_admin
28.04.2023, 13:16
Облыс жаңалықтары
Туристер Тараздың тарихи-мәдени орындарын аралады
82
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Халықаралық «ZHEIF-2023» форумы аясында облысымызға келген қонақтарға өңірдегі тарихи орындар таныстырылды. Алдымен «Тараз — шеберлер қаласы»  атты көрмеге барған келушілер жамбылдық қолөнершілердің қолынан шыққан бұйымдарды тамашалады. Түрлі түстерді үйлестірген құрақ көрпелер мен көргенді тамсандыратын әшекей бұйымдар, ұлттық тұрмыстық құрал-жабдықтарға сүйсінген кей туристер ұнатқан дүниелерін сатып алып жатты.

Еліміздің өзге де облыстарынан келген меймандар Ақыртас кешеніне барып, ондағы тарихи деректермен қанықты. Ақыртасты зерттеген ғалымдардың дәлелдеген мәліметтерін сол нысандағы жәдігерлерді көрсете отырып баяндаған «АРК ғылыми ұйымы» ЖШС директоры Ескендірбек Төрбеков бұл  аяқталмаған құрылыс екеніне атап өтті.

— Бұл форумды ұйымдастырудағы мақсат — Жамбыл облысына әлеуетті инвесторларды тарту. Сондай-ақ, инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мен қолдау туралы кеңінен айту, тарихы тереңнен тамыр тартатын көне Тараздың, киелі Жамбыл өңірінің  туристік орындарын көрсете отырып, ел экономикасын дамытуға үлес қосу тетіктерін қарастыру маңызды.

Шетелдік туристерді алып келген туроператорларға да қаржылай қолдау көрсетіледі. Себебі, шет елден келетін әр турист орташа есеппен 300 мың теңге алып келеді деген болжам бар. Ол тұрақтайтын қонақ үйге, тамақтанатын орындарға, сатып алатын бұйымдарына төлейтін ақшаларымен мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдаудың орны толығады. Туризмді дамыту – халыққа жаңа жұмыс орындарын ашуға да оң ықпалын тигізеді, — дейді мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков.

Облысқа келген қонақтардың бірі түркістандық «Sultan TRAVEL TURKISTAN»  туристік компаниясының бас менеджері Акида Еркінбаева Таразға алғаш рет келіпті.

— Бүгін Жамбыл облысына алғаш рет келіп, туристік орындарымен арнайы таныстым. Табиғаты сұлу, көнеден қалған тарихи орындары көп екен. Енді өз компанияммен туристерді Жамбыл облысына, тарихы терең Таразға алып келетін арнайы турлар ұйымдастыруды жоспарлап отырмын, — дейді ол.

Ақпараттық тур «Айша бибі»,  «Тектұрмас»,  «Қарахан»  тарихи-мәдени орындары мен «Көне Тараз»  археологиялық  паркінде жалғасты.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.