• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТОЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘСЕЛЕСІ АУДАНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жыл басынан бері Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы «Той мәдениеті – ұлт мәдениеті» деп елімізде яғни, халық ішіне алғшқы болып мәселе көтеріп келеді.

04.04.2025
0
ТОЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘСЕЛЕСІ АУДАНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
64
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Тіпті, Жамбыл облысының зиялы қауымында жұмылдырып, той мәдениетін қалыптастыру жөнінде мемлекет басындағы шенділерге ұсыныс тастады. Осы бастамамен бұл мәселе Бұрабайда өткен Ұлттық Құрылтайда айтылды.

Дегенмен Руханият орталығының қызметкерлері Жамбыл облысында той мәдениетін сақтау, асабаларды тәртіпке шақыру, той әдебін қалыптастыру, астатөк, дарақылық пен ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатында халық ішінде өз жұмыстарын жалғастыруда.

Иә, той мәдениетін жаңғырту – ортақ міндет. Облысымызда той мәдениеті мен әдебін сақтау үшін орталықтың қызметкерлері аудандарда да өз жұмыстарын бастап кетті.

Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Әбдіманап пен облыстық «Асабалар алаңы» қоғамының төрағасы Ринат Нұрақбаев Шу, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы іс-сапар барысында жергілікті ардагерлер кеңесімен, аудан әкімдерінің орынбасарларымен және сол аймақтағы той жүргізуші асаба-өнерпаздармен кездесті.

Аудандардағы кездесуде кейінгі кездері қазақтойларында және ұлттық құндылықтардың құрдымға кетіп бара жатқандығы және де той жүргізуші асабалар мен қатысушылар арасында кісілік әдеб сақталмай, керсінше бейәдеп әрекеттерге жол беріліп,  мәдениеттен алшақтап бара жатқандығы сөз болды. Ортақ мүдде қазақ ұлтық тойының мәдениетін қалыптастыру, той әдебін сақтау.

«Қазіргі таңда жыл басынан бері көтеріліп келе жатқан той мәдениетіне қатысты бірқатар жұмыстар жүйеленуде. Руханият орталығының бастамасымен елімізде тұңғыш рет облыстық «Асабалар алаңы» қоғамы құрылды. Қазірдің өзінде бірнеше асаба осы қоғамға мүшелікке өтті. Сонымен қатар, руханият орталығының тарапынан«Той – тәрбие құралы» атты әдістемелік нұсқаулық әзірлеуде. Бұл құрал – той ұйымдастырушылар, тойхана иелері, асабалар мен өнерпаздар үшін ортақ бағыт-бағдар болады. Осы әдістемелік нұсқаулық арқылы біз той мәдениетін қалыптастырып, белгілі бір жүйеге келтіруге тырысамыз. Алда атқаратын жұмыстар әлі де көп. Сол себепті бүгін сіздермен кездесіп, ұсыныс-пікірлеріңізді білгіміз келеді», – деді Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Лесбекұлы Шу ауданындағы кездесуде.

Кездесуде сөз алған Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы облыстық Руханият орталығы көтеріп отырған мәселенің маңыздылығын атап өтіп, бұл бастаманың ұлттық мәдениетті дамытудағы өзекті қадам екенін айтты.

Сонымен қатар, жиын барысында ардагерлер мен асабалар да өз ұсыныстарын ортаға салып, той мәдениетін қалыптастырып, жүйелеу қажеттігін бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

Аудандық ардагерлер кеңесі, аудан әкімінің орынбасары, аудандық полиция бастығы, және де жергілікті асабалармен өткен Меркі ауданындағы кездесуде де той мәдениетінің мәселесі талқыланды.

«Қазақтың тойы – тек ойын-сауық емес, ұлттың руханияты мен тәрбиесінің көрінісі. Алайда кейбір асабалардың орынсыз әзілдері мен жеңіл-желпі жүргізу мәнері той мәдениетіне кері әсерін тигізуде. Осыған орай, руханият орталығы «Той – тәрбие құралы» атты әдістемелік нұсқаулық әзірлеп, мәдениетті той өткізуге бағытталған нақты қадамдарды қолға алуда», — деді Жасұлан Лесбекұлы.

Т.Рысқұлов ауданындағы жиында да бірқатар өзекті мәселелер айтылып, қазақ тойының ұлттық мәртебісін төмендетпей, мәдениет пен әдебін қалыптастыру жөнінде пікірлер алмасып, ұсыныстар айтылды.  

«Қазіргі таңда қазақтар тек мешіт пен тойда ғана бас қосатын болды. Өкінішке қарай, тойлар өзінің мәртебесінен айырылып барады. Осы мәселені ескере отырып, руханият орталығы той мәдениетін сақтап, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлеріміз жаңғырту, жастарға дәріптеу бағытында жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, той – тек сауық-сайран емес, ұлттың мәдениетін танытатын айрықша дәстүр. Оны заманға сай, бірақ ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай өткізу – баршаға ортақ міндет», — облыстық «Асабалар алаңы» қоғамының төрағасы Рина Нұрақбаев.

Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмайл, жергілікті асабалар және дін өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысып,қазіргі той мәдениеті, оның ұлттық құндылықтарымызға сай өтуі және артық шығынсыз ұйымдастыру жолдары талқыланды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Руханият орталығы той мәдениетін дамытуға бағытталған бірқатар жобаларды қолға алып, күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелер бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Мадияр Ералыұлы

Нұрперзент Туғанбай

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Джорджа Мелониді қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Джорджа Мелониді қарсы алды

30.05.2025
Қазақстан “Тальго“ вагондарынан бас тартады

Қазақстан “Тальго“ вагондарынан бас тартады

30.05.2025
Қазақстанда дәлме-дәл егіншілік жүйесі әзірленіп жатыр

Қазақстанда дәлме-дәл егіншілік жүйесі әзірленіп жатыр

30.05.2025
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен БҰҰ өкілі жоғары білім мен жасанды интеллект бағыттарын дамытуды көздейді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен БҰҰ өкілі жоғары білім мен жасанды интеллект бағыттарын дамытуды көздейді

29.05.2025
Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді

29.05.2025
Жамбыл әкімі ірі француз компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді

Жамбыл әкімі ірі француз компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді

29.05.2025
Жамбыл – Франция: Қарашөкеев форумда өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды

Жамбыл – Франция: Қарашөкеев форумда өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды

29.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты