• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тоққа түсіп, денесінің 70 пайызын күйік шалған жігіттің оқиғасы

turan_admin turan_admin
01.07.2022, 17:28
Облыс жаңалықтары
Тоққа түсіп, денесінің 70 пайызын күйік шалған жігіттің оқиғасы
243
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Биылғы жылдың сәуір айында «Жамбыл электр желілері» ЖШС қызметкері өндірістік жарақат алып, денесін 70% күйік шалғаны туралы хабарланды. Екі айға жуық ауруханада жатып, тері ауыстырып және күрделі оталарды бастан өткерген Ғазиз Исатай ауруханадан шыққан соң жұмыс берушілердің өзін ұмытқанын жеткізді.

Сол уақытта Ғазиз Исатайдың жұмысқа кіргеніне небәрі бір айдың төңірегі болған екен.

ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

Оқиға  2022 жылдың 20 сәуірінде Тараз қаласы «Автовокзал» маңындағы «Солтүстік» қосалқы станциясында орын алды. 110 мың киловольт трансформаторды тексеріп, қажетті тазалау жұмыстарын жүргізіп, жаздық режимге ауыстыру керек болған.

 

Тоққа түсіп, денесінің 70 пайызын күйік шалған жігіттің оқиғасы

Ғазиз Исатайдың айтуынша, Шегебаев Әбілқасым өзге бригададан сұрағанда разряды жоғары тоқтардың ажыратылғаны айтылған, бірақ ер адам сатымен жоғарыға шыға бастағанда тоқ соғады.

ҒАЗИЗ ИСАТАЙ: Қазіргі уақытта есімде көп дүние жоқ

Тоққа түсіп, денесінің 70 пайызын күйік шалған жігіттің оқиғасы

 – Қосалқы станцияда бізден басқа екі бригада жұмыс істеп жатқан. Жұмысқа қандай машинамен барғанымды есіме түсіре алмай жүрмін әлі күнге дейін. Бізден бұрын Қайрат ағалардың бригадасы жұмыстарын бастап кеткен еді. Олар ашып, керек жерлерін өшіріп… Одан кейін біздікілер ашып жатқан, сол кезде маған «ашып қойды нарядты болды тоқ жоқ, таза» деді. Соларға сеніп трансформатордың жанына Әбілқасым екеуміз бірге бардық. Мені шығарып жіберді, өзі күтіп тұрды астында. Сол сәтте тоқ ұрып құладым. Ары қарай ештеңе есімде жоқ. Бірақ сол жерде жүргендер, көргендер «тұрғансың, жүргенсің» деп жатыр, ал ол менің есімде жоқ.  Абылайхан деген досым бар. Одан «мен нақты тұрдым ба, нақты жүрдім бе, нақты сөйледім бе, не болды» деп сұрадым.  Ол «Мен саған қарай бара жатқанымда мені жібермей қойды» деді. Саған болмайды, онда нең бар деп бригадирі жібермей қойған, – деп еске алады Ғазиз Исатай.

Тоқ соққаннан кейін Ғазиз есін жедел-жәрдемнің дауысын естігенде жиған. Кейін қайта ес жоғалтып, ауруханада оянған.

Тоққа түсіп, денесінің 70 пайызын күйік шалған жігіттің оқиғасы

Электрик мамандығын оқып, жұмысқа жаңа кірген Ғазиз 2-ші разрядтағы жұмысшы. Оның айтуынша, заң жүзінде 2-ші разрядтағы қызметкердің өзі шыққан нысанға көтерілуіне рұқсат жоқ. Өйткені оның биіктігі 3 метр болады. Оның жұмысы көбіне 3-ші разрядтағы жұмысшыға көмекші, бірақ басшылық тарап оған нысанға шығуына рұқсат берген.

Ғазиздің анасы: балам іздеусіз қалды

Бейбіт күні жұмысқа он екі мүшесі сау аттанған баласын ауруханадан көрген ананың ашынғаны көрініп тұр. Ғазиздің анасының айтуынша, ауруханада ем-шара жасалып, кейін үйге жіберген. Аурухана «өз міндетімізді атқардық, енді бізге келмейсіздер» деген соң ол қазір ақылы түрде жеке клиникалардан ем алуды жалғастырып жатыр. Тағы бір айта кетер дүние, 50 күн ауруханада жатқан жігіттің әріптестері Ғазиз ауруханадан шыққан соң да келмеген, тек бір-екі жігіт хәл сұрап кетіпті.

 – Мен ешқандай қағаз көрмедім, ауруханада жатқанда 5 адам келді. Өзіммен жұмыс істеген 3 адам, еңбек инспекциясынан, облыстық кәсіподақтан адамдар келді. Бәрін сұрап, олар Ғазиздың оқиғаны өз аузымен айтып беруін сұрады. Шық деді ма, сенің атыңды атады ма, деп сұрады. Бәрін жазып алды. Бірақ бізге ешқандай қағаз келмеді. Тек қана ЖЭС-тің өзінің ішкі акті бар, басқа ешқандай қағаз көрмедік, – дейді Алшакүл Қойайдарова.

Баласының жағдайын жасап, дәретке отырғызып жүрген ана баласының уайымға салынып, қоғамнан алшақтап қалуынан қорқатынын айтады.

 – Ең бастысы балам депрессияға түсіп кетпесе деймін, кешке қарай балалармен көп жүріп, солармен араласып отырса деп отырмын. Балалар жарты күн хабарласпай қалса ренжіп, көңіліне алып қалады. Мама, мен қандай жігіт едім деп ренжіп айтады. Жансақтау бөлімінен шыққаннан кейін жас баладай өзім қарап жатырмын, шомылдырамын, дәретке отырғызамын. Менен ұялады, енді амал жоқ, менің әлдиімсің деп қарап отырмын, – дейді ана.

Алшакүл Қойайдарова жұмыс беруші тараптың аурухана шығындарын көтергенін, бірақ дәрігерлер оның қанша екенін айтпағанын жеткізді.

«Қолымызда ЖЭС-тің мекемеішілік жасаған актісі ғана бар» деген отбасының айтар назы көп. Ішкі істер департаментіне қағаздарды өткіздік деген басшылық сөзіне де сенуден қалған, өйткені ешкім ештеңені ашып айтып, түсіндірмеген.

Қазір Ғазиз Исатай еңбекке жарамсыз болғандықтан ақылы демалыста. Оның уақыты тамыз айының ортасында бітеді. Қазіргі таңда жігіттің отбасы мүгедектігі туралы анықтаманы және күйік шалғанда киетін арнайы киімдерді әзірлеп жатыр. Алшакүл Қойайдарова жауапты адамдардың материалдық шығындарды толық көтеруін талап етеді.

Жамбыл облысындағы өндіріс орындарында осы жылғы 5 айдың ішінде 10 оқиға болып, 12 адам жарақат алып, 3 адам қайтыс болған.

 

Дереккөз: orda.kz

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.