• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.10.2026, 20:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

turan_admin turan_admin
26.09.2026, 15:45
Әлем жаңалықтары
Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды
24
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланды. Сайлау 26 қыркүйекте Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен FIDE Бас ассамблеясы аясында өтті.

Дауыс беруге ұлттық шахмат федерацияларының делегаттары қатысты. Президенттікке үш кандидат — Қазақстан атынан Тимур Турлов және Германия өкілдері Вадим Розенштейн мен Ян Хенрик Бюттнер таласты.

Бірінші турда Турлов 96 дауыс, Розенштейн — 76, Бюттнер — 20 дауыс жинады. Бірінші турда барлығы 192 жарамды дауыс есептелді.

Шамамен екі сағаттан кейін өткен екінші турда Тимур Турлов 110 дауыс жинап, жеңіске жетті. Оның қарсыласы Вадим Розенштейн 85 дауыс алды. Осылайша қазақстандық кәсіпкер FIDE тарихындағы сегізінші президент атанды. 38 жастағы Турлов ұйым тарихындағы ең жас сайланған президент болды.

Ол 2018 жылдан бері FIDE-ні басқарған Аркадий Дворковичтің орнына келді.

Сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін Турлов өзіне көрсетілген сенім үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтып, әлемдегі ұлттық шахмат федерацияларын күшейту және олардың дербестігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Қазақстан шахматынан – әлемдік шахмат басшылығына

Тимур Турлов 1987 жылғы 13 қарашада дүниеге келген. Ол Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы және бас атқарушы директоры.

2023 жылдан бері Қазақстан шахмат федерациясын басқарады. Сондай-ақ халықаралық мектеп шахматы қозғалысын дамытуға атсалысып келеді.

Турловтың президенттік командасында FIDE президентінің орынбасары қызметіне шахматтан бес дүркін әлем чемпионы Вишванатан Ананд ұсынылды. Бұл президенттік тандем FIDE сайлауына ресми түрде тіркелген үш команданың бірі болды.

Жаңа президент өз бағдарламасында FIDE қызметін цифрландыру, ұлттық федерацияларды қаржылай және институционалдық тұрғыда қолдау, шахматтың медиа кеңістіктегі үлесін арттыру, онлайн инфрақұрылымды және алаяқтыққа қарсы технологияларды дамыту мәселелеріне басымдық берген.

Тимур Турловтың сайлануымен Қазақстан өкілі алғаш рет әлемдік шахматты басқаратын FIDE президенті қызметіне келді.

TURANINFO.KZ

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzТИМУР ТУРЛОВХалықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

$620 млрд ЖІӨ: Орталық Азия және Әзербайжанмен ынтымақтастық Қазақстанға не береді?

$620 млрд ЖІӨ: Орталық Азия және Әзербайжанмен ынтымақтастық Қазақстанға не береді?

08.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентін құттықтады

03.10.2026, 09:00
Бортта 174 адам болған: Дубайдан ұшқан ұшақ «басып алу» дабылынан кейін радардан жоғалып кетті

Бортта 174 адам болған: Дубайдан ұшқан ұшақ «басып алу» дабылынан кейін радардан жоғалып кетті

30.09.2026, 14:25
Президент Fufeng Group компаниясының басшысын қабылдады

Президент Fufeng Group компаниясының басшысын қабылдады

25.09.2026, 16:56
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.