Тіл мәртебесі
Тіл – қай ұлттың болмасын трихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше.
Міне осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы орта түсуде. Тіл-халықтың жаны. Тілі құрыса, халықта жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғалым дәлелдеп отыр. Бүгінгі Қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет ана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес.
Ата – бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлтта жоқ. Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі. Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан «Ана тіліміз» дейміз. Қазақтар «Ананың тілі» деп ерекше құрметтейді. Ана тіліміздің орасан байлығы мен қуаты, кемелдігі мен кеңдігі ешқандай талас тудырмайтын ақиқат. Тіпті, қазақ халқының сан ғасырлар бойы тарихтың тегеурінді сынықтарынан аман – есен өтіп, бүгінгі тәуелсіз мемлекеттігіне қол жеткізген ұлы жеңісінде қаймағы бұзылмай сақталған туған тіліміздің алар орны айрықша. Басқа тілді білу – әрине мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ осты етуге болмайды.
«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,» — дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.
Тіл – ұлттың бүкіл рухын, болмыс-бітімін, таным-талғамы мен білім парасатын сақтайтын қазыналы сарайы, басты байлығы. Осы қазыналы сарайын сақтай білгендердің өзі де сақталады, одан айырылғандардың, оны тонатқандардың бүкіл рухани дүнинсі қаңырап бос қалады. Бұл – факт. Ащы болса да шындық. Өзінің ана тілінде тілі шықпаған адама өзге тілдің рухын сіңіріп, сол тілдің тұтқынына айналады. Ендігі кезекте бүкіл қазақ өз ұл – қызын ана тілінде тәрбиелеп, оқытуы керек. Жастардың мемлекеттік тілді білу деңгейі ерекше назарда ұстайтын мәселе. Сондықтан, жастараға, қазақ тілін үйрету, оқыту сапасын айрықша назарда ұстау қажет. Бұл тек биліктің емес, педагогтар қауымдастығының, әрбір отбасының бірлесіп атқарар шаруасы. Адам анасын қалай құрметтесе, ана тілін де солай сыйлауы қажет. Екіншіден, барша отандастарымызға қазақ тілінің мемлекетті біріктіруші фактор екенін түсіндіріп, оны насихаттап, оған қажеттілік тудыруда жүйелі жұмыс атқаруға тиіспіз. Мемлекеттік тілді ауызекі сөйлеу дәрежесінде білу аз, тілді жоғары денгейде, сауатты жазу, жетік меңгеру шарт. Мемлекеттік тілдің қазіргі қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күннен – күнге арта түсуде. Мемлекеттік тілді нығайту мемлекеттік органдардың міндеті. Мемлекеттік тілдің өндіріс пен халыққа қызмет көрсету салаларында кеңірек қолдануын үрдіске айналдыр керек. Тек мемлекеттік органдар ғана мемес, шаруашылық субьектілердің тіл саласындағы қызметіне бағыт – бағдар беруді дағды ету қажет. Тіл туралы айтқанда, мәселе белгілі бір бағдарламаны немесе жоспарды орындауда емес, жалпы ұлттың тілін, оның мәдениеті мен рухани құндылықтарын сақтай отырып, оның қолданыс аясын мейлінше кеңейту, қоғамдағы рөлін одан ары арттыру жайнда болып отырғанын түсіну қажет. Біз мұндай ойлар арқылы басқа тілдердің мәртебесіне шектеу қойайын деп отырған жоқпыз. Біздің ең үлекен – мақсатымыз мемлекеттік статусы бар қазақ тілінің одан әрі жандануы. Мемлекеттік тіл мәдениет саласында басымдыққа ие. Республика, облыстық ауқымдағы ірі мәдени көпшілік шаралар мемлекеттік тілде өткізіледі.
Елбасының көреген саясатының, өлшеусіз күш – жігерінің арқасында жас мемлекеттің қол жеткізген жетістікткрі ұлан – ғайыр. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп Елбасы Жолдау айасында айқын бағдар беріпотыр. Осы орайда атқаратын мақсаттарымыз бен жоспарларымыз жеткілікті. Тәуелсіздігіміздің тірегі, ұлттық болмыстың арқауы, еліміздің ерекше қасиеті — тіл. Сондықтан, материалдық игіліктер жасау, халықтын әл – ауқатын арттыру мен қатар атқарылатын маңызды міндет – мемлекеттік тіл – қазақ тілін дамыту.
Тараз қаласы №2 сотының бас маман -сот отырысының хатшысы Г.Құдабаева