• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қалай өтуде?

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы: ауқымды экологиялық жұмысқа миллиондаған азамат қосылды

25.06.2025
0
«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қалай өтуде?
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясындағы азаматтық белсенділік туралы айтты. Қоршаған ортаны қорғауға жұртшылықты тартуға ерекше назар аударылды.

Министрдің айтуынша, «Қоғамдық эко-бақылау» акциясына қоғамдық кеңестердің 4 мыңға жуық мүшесі қатысты. Бастама шеңберінде тарихи-мәдени мұра және туризм нысандарына мониторинг жүргізілді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы абаттандыру мен қызметке қоғамдық бақылау ұйымдастырылды. Сонымен қатар 3 мыңнан астам адам әлеуметтік желілердегі «10 экологиялық әдет» еріктілердің эко-челленджіне қосылды.

Сондай-ақ «Таза жағалаулар» ауқымды эко-марафоны аясында бүкіл еліміз бойынша 80-нен астам іс-шара өткізілді.

Жастарға ерекше көңіл бөлінуде. 21 сәуірде Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясының белсенді қатысушыларына алғыс хаттар табыс етті. 2025 жылы 35 мыңнан астам жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарлануда. Ал 2026 жылдан бастап инженерлік-техникалық, аграрлық, құрылыс және педагогикалық бағыттағы жастардың еңбек жасақтарының желісі кеңейтілетін болады.

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 2 млн-ға жуық адам қатысты, оның 156 мыңы – еріктілер. Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға халықтың айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.
Оның айтуынша, бұл ауқымды экологиялық бастама азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған.

Оның аясында 573 іс-шара өткізілді, 189 мың тоннаға жуық қалдықтар жиналды, шамамен 735 мың гектар аумақ тазартылды және 2 млн-нан астам ағаш отырғызылды.

«“Таза Қазақстан” экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатысуға бағытталған. Бұл бастама халықты біріктіріп қана қоймай, жалпыұлттық ауқымдағы іске айнала отырып, патриоттық рухты нығайтты», — деп атап өтті министр.
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 240 мыңнан астам студент қатысты

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары білім беру жүйесінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының іске асырылуы туралы айтты. Оның айтуынша, 2024 жылдан бастап «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде жоғары білім беру саласы бойынша 1 индикатор және 11 іс-шараны іске асыру жоспарланған.

«Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын жариялағаннан бері жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының қатысуымен 1500-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Бұл шараларға жоғары оқу орындарынан 240 мыңнан аса адам қатысты. Барлық жоғары оқу орындары студенттері арасында «Taza Like» іс-шарасы шеңберінде экосағаттар өткізілді», — деді Саясат Нұрбек.

2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде велосипед күні, жасыл энергетика жүйесін құру, қоқыссыз кампус, саябақтар құру т.б. сияқты бірнеше тармақ іске асырылуда. Осылайша, «Экологиялық білім беру» бағыты аясында халықтың экологиялық білімі мен мәдениетін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қасым-Жомарт Тоқаев Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойды

25.06.2025
Қазақстан Қытайға 1,5 мың киікті сыйға тартпақ

Көптеген компания киік етін өңдеуге қызығушылық танытты

25.06.2025
Алатау ауданында жаңадан сегіз мектеп ашылады

Алатау ауданында жаңадан сегіз мектеп ашылады

25.06.2025
«Жемқорлыққа жол жоқ»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу-Сіз бен Біздің қолымызда!

25.06.2025
«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қалай өтуде?

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қалай өтуде?

25.06.2025
Түркияда «Астана LRT» бұрынғы басшысы ұсталды — ҰҚК

Алматыдағы балалар колониясынан жасөспірімдер қашып кетті

25.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады

24.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты