Үкіметтегі брифинг барысында министр алты компания қызығушылық танытқанын айтты.
«Әкімдіктермен бірлесіп, киік етін өңдейтін ет комбинаттарын құру жөніндегі инвестициялық жобаларға қатысты мәселелерді пысықтап жатырмыз. Бүгінде алты компания қызығушылық танытып отыр», — деді ол.
Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, киік санын реттеу бойынша ресми ғылыми негіздеме алынған. Қазір ұйымдастыру мәселелері талқыланып жатыр.
«Менің ойымша, бір-екі күн ішінде шешімді жариялаймыз. Ғылыми негіздеме жалпы популяцияның 20 пайызын алуды ұсынып отыр. Бүгінде ресми есеп қорытындысы бойынша олардың саны — 3,9 миллион бас. Оның ішінде 2,3 миллионы – Орал популяциясы, 1,6 миллионы – Бетпақдала популяциясы және 78 мыңы – Үстірт популяциясы», – деп түсіндірді шенеунік.






