• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таза Қазақстан. Экоакцияға 700 мыңнан аса жамбылдық қатысты

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жалғасуда

07.08.2024
0
Таза Қазақстан. Экоакцияға 700 мыңнан аса жамбылдық қатысты
46
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде  өткізілуде. Акцияға 700 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысты.

Жамбыл облысында өткен экологиялық акция өрт қауіпсіздігін алдын алуды қамтамасыз ету болды. Дала өрттерінің пайда болуының негізгі себебі – қураған шөптердің тұтануынан болады. Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан өрт қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында дала өрттері тіркелмеген және мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша облыс жастары бастама көтеріп, арнайы тазалық жұмыстарын жүргізді. Тараз қаласының «Көктем» алқабында «Эко LIFE» тақырыбымен өткен эстафетаға 300-ден астам белсенді жастар қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Эстафета аясында қатысушылар қураған шөптерді орып, алқапты қоқыстардан тазартты. 2022-2023 жылғы халықаралық үздік волонтер А. Нәмелбек эстафетаны Жамбыл ауданының жастарына жолдады.

Аталған акция барысында барлық ауданның жастары белгіленген орындарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, эстафетаны келесі ауданға береді. Осылайша эстафета түріндегі экологиялық акция апта сайын әр ауданда өтетін болады.

Жыл сайын шығарылатын пластмассадан жасалған өнімдердің көп мөлшері бір рет қолдануға арналған. Пластиктің екі жүз жылға жуық уақытта ыдырайтындығы белгілі. Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырап, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөле бастайды. Жерасты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түседі, бұл адамзат үшін өте қауіпті құбылыс. Бұдан бөлек, пластик қалдықтардың қаланың кәріз жүйесін толтырып, су басу қаупін тудыратыны белгілі.

Осы мәселеге жол бермеу мақсатында қала тұрғындары, коммуналдық мекемелер мен жастар бірігіп, «Тараз – таза қала» акциясын өткізді. Қатысушылар Тараз қаласы Салтанат ықшамауданында орналасқан «Жасыл желек» алқабында тазалық жұмыстарын жүргізді. Экологиялық акцияға 100-ге жуық адам қатысып, пластик қалдықтар мен қоқыстарды жинап, 300 қап күл-қоқысты арнайы орынға апарып төкті.

— Президенттің бастамасы халық арасында үлкен қолдауға ие болды. Акция біздің қоғамда жастарды, өскелең ұрпақты табиғатты аялауға, қорғауға, тазалықты сақтауға шақыратын үлкен бір идеологиялық жұмыс десе де болады. Бүгін біз экологиялық акцияға Тараз қаласының жастары ретінде қаламыздың таза болуына атсалысып, іс-шараға шығып жатырмыз, – дейді облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры А. Қадралиев.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары облыстың барлық аудандарында өткізілді. Атап айтқанда, су айдындарының жағалауларында, саябақтар мен скверлерде, жаздың ыстық күндерінде демалушылар көп жиналатын жерлерде жалғасты.

Белсенді азаматтар, еріктілер мен жастар Байзақ ауданының Сарыкемер ауылдық округінің автокөлік жолының бойында жаяу жүргіншілер жолдарына тазалау жұмыстарын жүргізсе, Жамбыл ауданы, Аса ауылында «Аса» өзенінің ауыл маңындағы жағалауын қоқыстан тазартты. Жуалы ауданында «Ардагерлерге қамқорлық» акциясында 17 еңбек ардагерінің, жалғызбасты қарттардың аулаларын тазалау жұмыстары жүргізіліп, «Батырбек Датқа» кесенесінің аумағында қоршауларды сырлау, жасыл желектерді суару жұмыстары жүргізілді.

Талас ауданы, Қаратау қаласының тұрғындарының қатысуымен «Таза аула», «Үздік көше» акциялары кең көлемде ұйымдастырылды.

Жамбыл облысында акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 818 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 127 мың аулалар мен 4,5 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 14 мың тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды. Бұл жұмыстарға жалпы 918 бірлік техника жұмылдырылды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: Жамбыл облысыТаза Қазақстанэкологиялық акция
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

20.05.2025
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский