• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:28
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТАЗА АУА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ПЛАНЕТА ҮШІН

turan_admin turan_admin
20.03.2021, 18:54
Жаңалықтар, Облыс жаңалықтары
ТАЗА АУА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ПЛАНЕТА ҮШІН
448
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында Төле би көшесіндегі индустриялды аймақта өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен ағаш отырғызу акциясы өтті.

— Тараз қашаннан өзінің жасыл желегімен белгілі. Экологиялық мәселелерді шешуде және көне қаланың елдегі ең жасыл қалалардың бірі ретіндегі танымалдылығын сақтау үшін біз қалаларымыз бен ауылдарымызды көгалдандыру ісімен белсенді түрде айналысуымыз керек. Бүгін облыс бойынша кем дегенде 140 мың көшет отырғызылады. Мұндай жұмыстармен тек науқан кезінде ғана емес, жүйелі түрде айналысу керек, — деп атап өтті облыс әкімі.

Бұл күні аталған аумақта игі іске атсалысуға жиналғандардың қарасы қалың болды. Мерекелік көңіл-күйдегі қала тұрғындары түрлі ағаштар отырғызды. Акцияға мемлекеттік қызметкерлермен қатар, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен экологиялық қозғалыс өкілдері және мектеп оқушылары мен университет студенттері, еріктілер қатысты. Мұндай шаралар Тараз қаласының Барысхан, Шөлдала, Тайвань массивтерінде, №13,15 шағын аудандарында да  ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Талас өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту шаралары қолға алынды.

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Асхат Есеналиевтің айтуынша, жалпы 10 гектар аумаққа 12 мың көшет егіледі. Бұл санның жартысы бүгін орындалмақ. Мұндағы топырақ құнарлы әрі жұмсақ. Облыс әкімі қала басшылығына әсіресе алғашқы айларда көшеттердің күтімі мен суарылуын ұйымдастыруды тапсырды.

Жасыл желектендіру «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына –30 мың ағаш» акциясы аясында жүзеге асырылатын болады. Дегенмен, биыл Таразда әлдеқайда көбірек, 46 мың көшет отырғызылмақ.

Жалпы 20-21 наурыз күндері облыс бойынша 276,8 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Оның 88,5 мыңы қалалар мен елді мекендерде егіледі десек, 29,4 мың көшет білім беру ұйымдарында, ал 159 мың сексеуіл көшеті орман қоры жерлерінде отырғызылмақ. Аталған акцияға кем дегенде 53 мың жамбылдықтар қатысады деп күтілуде.

Қарағаш, терек, туя, боз арша, шырша, қарағай, жеміс ағаштары, талағашы және қылқан жапырақтылар сияқты жасыл екпелерге басымдық берілуде. Құрғақ аймақтарда сексеуіл ағаштары отырғызылуда десек, оның көшеттері табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің тәлімбағынан жеткізіледі.

Сонымен қатар, қала, аудан аумақтарындағы «Таза су айдындары» акциясы аясында Ақкөл, Билікөл, Талас өзені бойы, Бөгеткөл су айдындарын тазалау және «Су көздерін ашу, бұлақтарды тазарту» акциясы аясында елді мекен төңірегіндегі су нысандарын, су арналарын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілетін болады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.