2023 жылы 46 058 өтініш түскен. 41 135 өтініш қанағаттандырылып жабылған, 3 901 өтініш мерзімнен кешіктіріліп жабылған, 772 өтініш жұмыс барысында. Оның ішінде 552 өтініш шағым болып тіркелген деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі Жамбыл облысының бірыңғай диспетчерлік қызметіне сілтеме жасап.
«Jambyl 109» Жамбыл облысының бірыңғай диспетчерлік қызметінің мәні мен мақсаты — «109» қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы, Жамбыл облысы тұрғындары мен қонақтарының тұрмыстық сипаттағы жергілікті коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша түрлі байланыс құралдары арқылы өтініштерін қабылдау, өңдеу, облыстық мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып өтініштердің орындалуын жүзеге асыру. Мекеме директоры Бақкелді Тұрсынбек басқарады.
Бірыңғай диспетчерлік қызметі сумен жабдықтау, қоғамдық даму, жол инфрақұрылымы, қаланы электр қуатымен жабдықтау, құдықтар мен люктер, өндірістік жұмыстардан кейін қалпына келтіру жұмыстары, аула аумағын абаттандыру, қоғамдық көлік, көшені жарықтандыру және білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын-үй жөндеу жұмыстары, аудан тұрғындарының тұрмыс тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық сала түрлері жіктеліп жүйеге енгізілген.
Мекеме құрылған сәттен бастап барлығы 239 826 өтініш қабылдаған.
2019 жылы — 8 623 өтініш түскен, күніне 50-80 қоңырау қабылдаған;
2020 жылы — 80 758 өтініш түскен, Жамбыл облыстық COVID-19 жедел штабы кезеңінде күніне 220-240 қоңырау қабылдаған;
2021 жылы — 51 531 өтініш түскен, күніне 150-160 қоңырау қабылдаған;
2022 жылы – 52 695 өтініш түсіп, күніне 150-160 қоңырау қабылдаған.
2023 жылы бүгінгі таңға дейін 46 058 өтініш түсіп, күніне 170-180 қоңыраулар қабылдауда.
«Jambyl 109» қызметі құрылған сәттен бастап (2019-2020жж) 69 мекемемен жұмыс жасаған, атап айтсақ 16 қалалық мемлекеттік мекеме (ТҚӘ бөлімдері), 23 ведомствалық және мердігерлік ұйымдар, 30 республикалық және облыстық мемлекеттік мекемелер, КСК, лифт шаруашылығы. Тұрғындар мен қонақтарға 1000-нан аса күнделікті тіршілікті қамтамасыз ету қызметі бойынша жұмыстар атқарған.2023 жылы 320 мекемемен етене жұмыс атқаруда, 165 аудандық және қалалық мелекеттік мекеме, 90 ведомствалық және мердігерлік ұйымдар. Жамбыл облысының аудандар мен қалалық бөлімдері мен коммуналдық қызмет түрін ұсынатын мекемелер пысықталып жүйеге қосылды» деп атап өтті Бақкелді Тұрсынбек.
«Jambyl 109» қызметімен «Damumed» интеграцияланған медициналық ақпарат жүйесімен интеграциялық жұмыстар жүргізіліп, Жамбыл облысының тұрғындары 109 қызметі арқылы «Отбасылық дәрігерге» жазылу мүмкіншілігі қосылып, жүйеде 6100-ден аса қызмет түрі ұсынылуда.
Өтініштердің орындалу барысы бойынша сурет/бейнежазба тіркемелер міндеттеліп тұрғындарға жасалып жатқан жұмыс сапасын көрсету мақсатында дейін/кейін айдары жасалды. Әлеуметтік желлілер мен интернет платформалары (WhatsApp, Instagram, Facebook, Тelegram чат-боты, «AIKEY» мобильді қосымшасы) арқылы түскен өтініштер саны артты, алайда тұрғындарға 109 қысқа нөмірін теру арқылы өз өтініштерін мен сауалдарын ұсыну алдыңғы орында. Халықпен кері байланыс кез келген тәсілдермен жүргізілуде. Жамбыл облысының тұрғындар назарына атқаралып жатқан жұмыстар бойынша кері байланыс орнату үшін Кейін/Дейін айдары ұсыныла бастады.
«Jambyl-109» қызметінің басты міндеті-атқарушы органдарды халықпен байланыстыратын берік көпірге айналу. Бүгінде Қазақстанда билік халыққа жақындай түсуде, ал барлық ішкі процестер барынша ашық. Мәселе әрқашан тұрғындардың мемлекеттік органдарға бара алмайтындығы, көбінесе қайда жүгінетінін білмеуі болды. Қазір біз осы мәселелердің барлығын шеше аламыз, тек сигнал беру керек, өтінішті қалай және қайда жіберу керек, бұл біздің қамқорлығымыз. Маңызды әлеуметтік немесе коммуналдық мәселелерді шешу биліктің күш-жігерін ғана емес, азаматтардың қатысуын да талап етеді. 109 қызметі демалыссыз жұмыс істейді және тәулігіне 24 сағат байланыста. Сіздің мәселеңізді шешу үшін бізге қоңырау шалу жеткілікті деп айтты мекеме директоры Бақкелді Ғабдоллаұлы.
TURANINFO.KZ