Гүлмира Қанайдың соңғы қызметі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры болған.
Гүлмира Әмірханқызы Қанай 1986 жылғы 12 қаңтарда Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген.
2007 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің бакалавриатын «Лингвист: ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша үздік бағамен тәмамдаған.
2009 жылы аталған жоғары оқу орнының магистратурасын «Аударма ісі» мамандығы бойынша үздік бағамен бітірген.
Гүлмира Қанай – Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
2011 жылы Ұлыбританияның Уорвик университетінің магистратурасын «Білім беру саласындағы басқару» мамандығы бойынша, 2019 жылы Кембридж Университеті Білім беру факультетінің докторантурасын үздік тәмамдаған.
Ғылыми дәрежесі – PhD.
Еңбек жолын 2007 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы қызметінен бастаған.
2011-2012 жылдары аралығында Назарбаев Университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінің консультанты;
2012-2014 жылдары аралығында Назарбаев Университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінің менеджері;
2014-2020 жылдары аралығында Назарбаев Университеті Оқуға қабылдау департаментінің аға менеджері;
2021 — 2025 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры қызметтерін атқарған.
2020 жылдың қаңтар айынан бері осы уақытқа дейін Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің Постдокторанты.
2021 — 2025 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры
Гүлмира Әмірханқызының докторлық диссертациясы «Қазақстан мектептеріндегі мұғалімдер көшбасшылығын дамыту» тақырыбын зерттеуге арналған.
Бүгінде ол «Қазақстандық мұғалімдердің көшбасшылығы» зерттеу жобасының жетекшісі.
Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелері бірнеше халықаралық және отандық ғылыми басылымдарда жарияланған.
Зерттеу бағыттары:
– Білім беру саласындағы көшбасшылық пен менеджмент;
– Мұғалімдердің көшбасшылығын дамыту;
– Педагогикалық білім беру;
– Оқытуды ұйымдастыру.
Гүлмира Әмірханқызы Қанай Білім беру саласындағы Қазақстан зерттеушілері қауымдастығының (KERA), Білім беру саласындағы АҚШ зерттеушілері қауымдастығының (AERA) мүшесі.







