• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
07.08.2026, 17:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараздық полицейлер кезекті рет халыққа есеп беру кездесуін өткізді

turan_admin turan_admin
07.09.2019, 20:10
Облыс жаңалықтары
Тараздық полицейлер кезекті рет халыққа есеп беру кездесуін өткізді
332
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы бекіткен кестеге сәйкес, Тараз қаласы Полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаров ағымдағы жылдың сегіз айының жұмыс қорытындысы бойынша облыс орталығының полиция бөліністерінің барлық басшылары қатысқан халықпен кезекті кездесуін өткізді.
Есеп беру жиыны барысында полиция полковнигі А. Мадимаров өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыстардың жалпы саны 14%-ға, оның ішінде аса ауыр қылмыстар — 6,9%-ға, ауырлығы орташа қылмыстар-22,9%-ға және онша ауыр емес қылмыстар — 9,9%-ға, сондай-ақ 40%-ға кісі өлтіру, 23,1% -ға тонау, бұзақылық деректерінің саны 18,6%-ға төмендегенін, сонымен қатар қарақшылық шабуыл жасағаны үшін екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталғанын айтты.
2019-2020 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы әрекет ету бойынша ведомстволық бағдарламаны орындау шеңберінде ұрлық деректері санын 21,1%-ға азайтуға қол жеткізілді. 35-тен астам ұрлық оқиғасын жасаған алты қылмыстық топ құрықталды.
Соңғы уақытта автокөліктерден аккумуляторларды ұрлауға тиімді тосқауыл қойылуда, аталған құқық бұзушылықтар бойынша 45 адам анықталды. Ұялы телефондарды ұрлау мен қалта ұрлығын жасағаны үшін тек облыс орталығында 160-тан астам адам ұсталды. Сондай-ақ, мал ұрлығының тоғыз дерегі анықталып ашылды, оның ішінде біреуі — ауыр санаттағы қылмыс.
Мұндай көрсеткіштерге кешенді жедел-профилактикалық, оның ішінде «Участок», «Құқықтық тәртіп», «Есепке алу», «Жасөспірім», «Отбасы және мектеп», «Қауіпсіз жол», «Тұрмыс» және т.б. іс-шаралар нәтижесінде қол жеткізілді.
Кездесу барысында тараздықтар тарапынан көтерілген мәселелер аз болған жоқ, бірақ көбіне олар жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қатысты болды. Яғни көшелер мен аулаларды жарықтандыру, жолдарды сапалы жөндеу және т.б. Мәселен, «Мыңбұлақ» шағын ауданының тұрғыны Людмила Севрюкова №21 үйдің жанына және жақын маңдағы балабақшаға баратын көшеге жарық пен жол кедергісін (лежачий полицейский) орнатуды сұрады. Ол мұнда қозғалыс қарқыны жоғары, сондай-ақ кейбір жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтамайды. Бұл жерде қайғылы оқиғалар орын алуы мүмкін деп өз алаңдаушылығын білдірді.
Осыған ұқсас өтінішпен №40 орта мектептің жанында көлік қозғалысын шектеу туралы «Талас» шағын ауданының тұрғыны Роман Алиев мәлімдеме жасады.
Хадиша Оспанова Достоевский көшесі тұрғындарының атынан осы көше бойынша жол қозғалысын бір жақты жасауды, себебі бұл жолдың өте тар екендігін айтып, өтініш білдірді.
Валентина Видская басқа мәселе бойынша шағымданды: ол Жұбанышев көшесіндегі көп пәтерлі үйде тұрады, ал аулада жақын маңда орналасқан Политехникалық колледжінің студенттері жиі жиналып, спирттік ішімдіктер ішіп, шулайтынына шағымданды.
Барлық айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, кейбіреулеріне қатысты басқарма бастығы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Кез-келген жағдайда, бірде-бір өтініш құқықтық тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмайды.
Тараз қаласы ПБ басқармасының басшылығы облыс орталығының тұрғындарымен осындай кездесулерді тоқсан сайын өткізеді. Сонымен қатар, басқарма бастығы Ардақ Мадимаров облыс орталығының тұрғындарына кез-келген уақытта қоңырау шалуға болатынын айтып өзінің ұялы телефон нөмірін ұсынды. Сондай-ақ ол азаматтарды жеке мәселелері бойынша әркез қабылдауға дайын екендігін білдірді. Осындай ашықтық тараздықтардың шынайы ризашылығын тудырып, қалалық полиция басқармасының басшысына алғыстарын айтты. Қатысушылар полиция шын мәнінде халыққа жақын, осылай болуы керек, ердің сөзі екі болмас деп тарқасты.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15
Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

07.08.2026, 11:07
«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

07.08.2026, 08:46
ChatGPT Edu және цифрлық білім: «Әділет» Жамбылдағы кездесуде жаңа бастамаларын таныстырды

ChatGPT Edu және цифрлық білім: «Әділет» Жамбылдағы кездесуде жаңа бастамаларын таныстырды

06.08.2026, 22:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Халық үні»: басты міндет – сайлаудың ашықтығын бақылау

07.08.2026, 13:12

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

07.08.2026, 11:07

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

07.08.2026, 08:46

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.