Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ойнап отырып, байқамай тиын жұтып қойып, 1 сағаттан соң тыныс алуы қиындап, жағдайы нашарлаған 9 жасар бала келіп түседі. Өкпе жасушаларын түсірген рентгенография қорытындысы өңештің жоғарғы жағында бөгде заттың тұрғандығын анықтайды. Шұғыл түрде оны алу үшін бүгінгі күні осындай жағдайда қолданылып жүрген Фолея (Испания) катетері (резеңке түтік) қолданылады. 2-3 см үрленетін 2 қуысты силиконды түтікті дене қуысындағы заттарды босату, дәрілік заттарды енгізу, шаю немесе оларды өткізу мақсатында сыртқы ортамен байланыстыратын резеңке түтікпен балаға жалпы наркоз салынады. Жалпы бұл әдіс оқыстан болған шұғыл жағдайда
тиімді болып саналады. Себебі, уақыт өтіп кетсе, денеге бейімделіп кеткен затты алу қиынға соғады. Баланың өміріне қауіп төндіруге дейін баратын оқыс жағдайға жедел шешім қабылдап, медициналық ем-шара жасаған тәжірибелі хирург Нұртуған Әлқуатов пен Әлімжан Әлкенов мұндай жағдайдың кәсіби дағдыларында жиі болмасада, ұшырасып тұратынын айтты.
Дәрігерлер жоғарыда аталған әдісті қолдана отырып, кішкентай науқасқа уақытылы көмек көрсеткеннің арқасында баланың жағдайы жақсарып, бала медициналық ем шарадан кейін үйіне қайтарылды.
Дәрігерлер ата-аналардан барынша сақ болып, балаларын қараусыз қалдырмай, оларға көбірек уақыт бөлуді және ұсақ заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою керектігін екенін ескертеді. Сондай-ақ, олар тиын, түйме, ине тағы сол сияқты майда заттарды баланың қолы жетпейтін жерде сақтауға кеңес береді. Сағат, ойыншық, жарқылдаған әшекей бұйымдар, есту аппараттары және түймедей батареялар – өте қауіпті. Тіпті оның – қуаты бітсе де, ол бөлетін гидроксид баланың ішін күйдіріп кетеді. Сақтықта қорлық жоқ. Балаңыздың саулығы — сіздің жауапкершілігіңізде жатқанын
ұмытпағайсыз.






