25 жастағы Audi автокөлігінің жүргізушісі орталық саябақтардың бірінде жаяу жүргіншілер жолында көлік басқарып, адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірген. Құқық бұзушылықтары үшін жүргізушіге бірден 4 хаттама толтырылып, 86 504 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Көлік айып тұрағына қойылды. Полиция департаменті жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Есіңізде болсын, көлік басқару бірінші кезекте сіздің жауапкершілігіңіз. Сондықтан салдарын біліп, абай болыңыз!
Polisia.kz сайты