• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:02
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараздағы мектеп құрылыс жұмыстарының тек бестен бір бөлігі ғана аяқталған

turan_admin turan_admin
17.07.2020, 19:38
Облыс жаңалықтары
Тараздағы мектеп құрылыс жұмыстарының тек бестен бір бөлігі ғана аяқталған
390
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл орайда облыс орталығында ауқымды жұмыстар жүзеге асуы тиіс. Мердігер компаниялардың белсенділігі, жұмысқа жауапкершілігі,  құрылыс жұмысын кестеге сай сапалы әрі ширақ жүргізуі аса маңызды. Тараз қаласында құрылысы жүріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталған мәселелерге ерекше мән берді.

Өңір басшысы әуелі  Ә.Бөкейханов атындағы гимназияның 300 оқушыға арналған  нысанды кеңейту  жұмысымен танысты.  Ашығын айтқанда мұндағы жұмыс кестеден  екі аптаға кешігіп отыр. Жұмыстың көлемі 21 пайыз ғана орындалған.   Облыс әкімі  бұл ретте «ТаразҚұрылысИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің учаске бастығы Қанат Түсіпбековтен  кестеден кешігудің себебін сұрады. Мұны мердігер компанияның өкілі біраз жұмысшыларының сырқаттанып қалуына байланысты екенін түсіндіріп, кестені қуып жететіндеріне сендірді.

 Құрылысты аралап көрген Бердібек Машбекұлы:  «Мұнда жұмыс наурыз айында басталған. Жұмыстың 21 пайызы ғана атқарылған. Бұл түрлеріңізбен биыл бітпейсіздер. Бұлай болмайды. Алдағы 1 қыркүйекке дейін осындағы құрылыс сапалы аяқталуы керек. Оны тиынына дейін тиімді пайдалануымыз керек», – деп облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергеноваға және аталған мердігер компания басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Облыс әкімі атбасын бұрған келесі нысан ер балаларға арналған Білім инновациялық лицейі болды. Осында 380 ерекше зерек балалар білім алады.  Мұнда «Санат -Құрылыс» мердігер компаниясы 300 орындық жатақхананы күрделі жөндеуден өткізіп жатыр.

Мердігер компанияның өкілі Әсет Ахатаевтың айтуынша, осында 40-тан астам адам жұмыспен қамтылған. Жатақхананың алдындағы спорт алаңдары да жөнделеді. Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы құрылыс барысын аралап көріп, қаржыны тиімді пайдалануды, жатақхана алдында оқушылардың демалатын жабық орындықтарды жақсы безендіруді, құрылысты алдағы жаңа оқу жылына дейін аяқтау керек екенін айтты.

Дарынды балаларға арналған облыстық «Дарын» мектеп — интернатының күрделі жөнделуіне 200 миллион теңге бөлінген.  Мұндағы жұмыстың сапалы аяқталуына  «Касуб -Тараз» деген компания жауапты. Компания директоры Өркен Аптиялиев осында 102 жұмысшы еңбек етіп жатқанын, жалақылары талапқа сай төленіп, құрылыстың 60 пайызы аяқталғанын баяндады.

Алайда, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мердігер компания басшысының сөзін бөліп, ғимараттың сырты неге күңгірт, қара түспен боялғанын сұрап, үнсіз қалған мердігерге бұлай болмайтынын, мұнда ел болашағы балалар білім алатынын ескертті. Қара түс бұл нысанға  сай келмейді.

Бұл өндірістік зауыттың жатақханасы емес, білім ошағы. Білім мекемесі балалар  ауладан кіргеннен жарқырап, жайнап тұруы тиіс. Мына түсті басқа жағымды түске өзгертіңіздер. Одан кейін мектептің алдыңғы қабырғаларын кітаптың суреттерімен өрнектеп, Абайдың сөздерін жазып қойса, оқушыға жақсы әсер берер еді.  Күрделі жөндеген соң жақсылап, жан –жақты идеялармен жұмыс жүргізген дұрыс. 263 миллион теңге деген аз қаражат емес. Атқарған жұмыстарыңыз да соған сай болуы керек» деп мердігерге ескерту жасады.

Мұнан соң өңір басшысы Жамбыл индустриялды – технологиялық колледжіне барды. Осында 400 студент оқиды. Олар жұмысшы мамандықтары бойынша, атап айтқанда автокөлік жөндеу, дәнекерлеуші, экскваторшы мамандықтары бойынша білім алады. Үш мамандық бойынша дуалды оқыту жүйесі енгізілген.  Ал Елбасының қолдауымен жүзеге асқан «Жас маман» жобасына біздің облыстан кірген 11 колледждің бірі – осы.

Осы орайда облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова  11 колледжді дамыту  үшін республикалық бюджеттен 2.8 миллиард теңге қаражат бөлінгенін айтты.

Облыс әкімі «Жас маман» жобасына арналған ғимаратты да аралап көріп, мүндағы жаңа қондырғыларға көңілі толды.

Дегенмен, облыс басшысы: «Дайындаған мамандарың сапалы болса, олар кез келген жерден жұмыс табады. Осы бағытта жұмыс істеңіздер. Ал күрделі жөндеуді пайдаланып, спорт алаңдарыңызды жақсылап жөндеп алыңыздар», — деп колледж директорына ескертті.

Бердібек Машбекұлы мұнан соң күрделі жөндеу жүріп жатқан  Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепті аралап көрді. Осында 750 оқушы білім алса, 50 бала шағын орталыққа барады. Мәжіліс залына, үйірме бөлмелерге қатысты құрыстарды көзімен көрген облыс әкімі бірқатар мәселеге назар аударды. Мектепте видеокамералар тұруы керегін, мектеп қабырғаларына белгілі ағартушылардың сөздерін жазып, кітаптың суреттерімен безендіруді тапсырды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.