Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында сағат 1.30 шамасында жол көлік оқиғасы салдарынан алған түрлі дене жарақаттарымен 29 жастағы азамат Тараз қаласының жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына түсіп, есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Түнде орын алған дерек бойынша Тараз қаласы ІІБ 1-полиция бөлімінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1- бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушінің дене жарақаттарын Тараз қаласының тұрғынының басқаруындағы «Фольксваген Гольф-3» автокөлігімен қасақана қағып кету салдарынан алғаны анықталды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен күдіктіні ұстау шаралары қабылдануда.
Сондай-ақ, тергеумен «ВАЗ-2114» автокөлігінің 4 жолаушысы тарапынан бұзақылық дерегі орын алғаны анықталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Процессуалды Кодексіның 293- бабының 3-бөлімі, 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі уақытта құқыққа қарсы әрекетке қатысты тұлғаларды ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ