• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда теміржол вокзалының ғимараты жөнделеді

turan_admin turan_admin
27.09.2020, 14:22
Облыс жаңалықтары
Таразда теміржол вокзалының ғимараты жөнделеді
154
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Қазақстан темір жолы «ҰК» акционерлік қоғамы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа облыс орталығындағы теміржол вокзалының бас ғимаратын алдағы уақытта күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жоспарын ұсынды. Жолаушылар платформалары мен вокзал маңындағы аумақтар да ретке келтірілмек.

Теміржол вокзалы 1986 жылы салынған. Аумағы 2,5 мың шаршы метрден асатын вокзал ғимаратына соңғы күрделі жөндеу 2013 жылы жүргізілген. Ағымдағы жылы «ҚТЖ» ҰК»АҚ бас ғимараттың қасбетін, ішкі жайларын және жолаушылар терминалын қайта жаңартуды жоспарлап отыр.

Компания өкілдері Бердібек Сапарбаевқа әзірленген күрделі жөндеу жобасын таныстырды. «ҚТЖ»ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Әбденовтің айтуынша, бірінші кезекте жолаушылар үшін жағдай жақсара түспек.

— Вокзалдың іші өте тар, оны кеңейту керек. Бұл мәселені шешу үшін біз түрлі нұсқаларды қарастырдық.  Артық дүңгіршектер алынып, билет кассалары вокзал ғимаратының  қалаға қараған жағынан орнатылады. Қарама-қарсы жағында тек перронға қарайтын витраждар болады. Сонымен қатар, ғимараттың қасбетін де жаңарту жоспарлануда.  Қаптауға арналған тиісті материалдар таңдалып, заманауи дизайн үлгүісі әзірленген. Сондай-ақ, жолаушылар терминалы, қонақ үй, асхана орналасқан екінші қабаттағы үй-жайлар да жөндеуден өтеді.

Өңір басшысы жобаны мақұлдап, вокзалға келушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

— Қыста вокзал ғимараты қатты суық болады. Терезе жақтауларын қаптап, жылу жүйесін ауыстыру қажет. Сонымен қатар, нысанның инженерлік желілері де ауыстыруды қажет етеді, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері бұл бағытта да тиісті жұмыстар жүргізілетіндігіне сендірді. Алдағы жөндеуді жоспарлау кезінде мамандар су құбыры, кәріз және жылу жүйелеріндегі мәселелер мен ақауларды анықтаған. Қоғамдық дәретханадағы сантехника да ауыстырылмақ.

— Бұл шығындардың барлығы қазірдің өзінде жобалық-сметалық құнына енгізілген, — деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілі Александр Ким.

Бердібек Сапарбаев вокзал аумағын тиісті формаға келтіру қажеттілігіне назар аударды. Оның пікірінше, барлық нысандардың стилі мен тұжырымдамасы бірдей болуы керек. Бұл әсіресе қазіргі таңда перрондағы әр түрлі платформада орналасқан дүңгіршектерге қатысты.

— Вокзал кез-келген қаланың визит картасы және бет-бейнесі. Сондықтан оның келбеті заманауи және тартымды болуы тиіс, бүкіл сәулет бірыңғай түрге ие болғаны абзал, — деп атап өтті ол.

Теміржол вокзалы ғимаратын жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады деп жоспарланған. Оны одан әрі қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру мәселесі қарастырылуда

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.