Айтулы күнді Тараздағы өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар да атап өтті. Мекеме әкімшілігі тарапынан арнайы контингент өкілдеріне осы күні ұлттық киім киюге рұқсат етіліп, олар бір-бірінен амандық-саулық сұрасты.
– Бүгін біз Көрісу күнін айрықша атап өттік. Бұл ретте бір-бірімізге жылы сөздер айтып, еркін өмірде туыстарымызбен көрісуді тіледік, – дейді сотталған азаматтың бірі.
Айта кетейік, аталған мекемеде мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Бұл – жазасын өтеушілердің эмоционалдық жағдайына оң әсер ететіні сөзсіз.