Жыл сайын майдангерге баруды әдетке айналдырған әскери қызметшілер Иван Федорович тұратын бес қабатты үйдің кіреберісіне алаңдайтын. Биыл әскери қызметшілер жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады.
– Ардагерлерге қамқорлық көрсету – біздің міндетіміз, – деп атап өтті Жамбыл аудандық пайдалану бөлімінің бастығы капитан Сержан Жақыпсейтов. – Кіреберістің қасбетін келтіру бізге еш қиындық туғызған жоқ.
Жамбыл АПБ әскери құрылыс-жөндеу тобының күшімен баспалдақтар қалпына келтіріліп, қабырғалар сыланды, кіреберістің төбесі жөнделді.
Соңғы кезеңде жұмысқа Тараз гарнизоны байланыс полкінің әскери қызметшілері келіп қосылды. Олар құрылысшыларға қоқыстарды жинауға көмектесіп, бордюрді ақтады.
98 жастағы Иван Федорович әскери құрылысшыларға көрсеткен жәрдемі үшін дән риза.
– Үйдің жаңартылған қасбетін көру қандай жақсы. Көңіл бөліп, көмек көрсеткендеріңізге көп рахмет, – деді ардагер ағынан жарылып.
Майдангердің қызы Ольга әскерилер жүргізген жөндеу жұмыстарына Иван Федорович қана емес, кіреберістің барлық тұрғындары шын жүректен алғыс білдіргенін атап өтті.
Бұл акция – әлемді фашизмнен азат еткен ардагерлерге құрмет. Қарт майдангерлерге қамқорлық жасау тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар игі іс жасауға мүмкіндігі бар әрбір адамның қолынан келетінін еске салады.
Қорғаныс министрлігі