• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Петропавлда су тасқынының үшінші толқыны келе жатыр

Петропавлға су тасқынының үшінші толқыны келе жатыр. Ресми мәліметтерге сәйкес су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуірде болады делінді, бірақ қазірдің өзінде қалаға су келген

25.04.2025
0
Петропавлда су тасқынының үшінші толқыны келе жатыр

Фото: Tengrinews.kz

85
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Осы аптада әкімдік отырысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы айтты. Облыс әкімінің сөзінше, биыл Сергеев су қоймасында алғаш рет үшінші толқын байқалып отыр.

«Петропавлда тасқынның шарықтау шегі 28–30 сәуірде күтіледі», — деді өңір әкімі.

Ол Ақмола облысындағы Жабай және Қалқұтан өзендерінің көтерілуі үшінші толқынға себеп болғанын мәлімдеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл өңірде су тасқынының жағымсыз салдарын болдырмау үшін ауқымды жұмыс істелген.

Алайда қабылданған шараларға қарамастан, аймақтағы су тасқынын толығымен жою мүмкін болмағаны байқалады. Есіл өзеніндегі су деңгейі көтерілуіне байланысты (24 сәуірде тәулік ішінде су деңгейі 29 сантиметрге, яғни 1119 сантиметрге дейін, қауіпті жағдайда 1130 сантиметрге дейін көтерілген) өзен арнасынан тасыған.

Қазір су Заречный кенті мен Речпорт маңындағы саяжай учаскелеріне жайылған. Бұл саяжайларда тұрғындар жоқ, ТЖД мен полиция бекеттері қойылған.

Заречный кентіне апаратын тасжолдарда тасқын су толуына байланысты қозғалыс қиындаған. ТЖД құтқарушылары тұрғындарды арнайы техника және көліктермен тұрақты тасымалдап жатыр.

СҚО ТЖД мәліметінше, Петропавл қаласының Заречный кентінде су тасқынынан қорғау жұмыстары жалғасып жатыр.

«ТЖМ Әскери бөлімдерінің жеке құрамы ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қауіпті учаскелерде инертті материалдары бар қапшықтарды дайындап, төсеп жатыр», — деді ведомство өкілі.

Бұған дейін өңір әкімі Ойқала мен Былғары кентіндегі, Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарындағы жағдай ерекше бақылауда екенін мәлімдеген еді.

Алайда Прибрежное қазір сумен қоршалған. ТЖД мәліметінше, қазір тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Тепличное ауылында да (Петропавл қаласының маңы) су басу қаупі бар, қазір бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Тегтер: петропавлсу тасқыны

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты