• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:02
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы жаңа ғимаратқа көшті

turan_admin turan_admin
08.10.2020, 14:39
Облыс жаңалықтары
Таразда мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы жаңа ғимаратқа көшті
643
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Елімізде жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін мүгедектер күні қарсаңында мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты. Ол жаңа ғимаратты аралап, орталықтың  тәрбиеленушілерін және олардың ата-аналарын әңгімеге тартты.

Бұған дейін мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ыңғайластырылған әкімшілік ғимаратта орналасқан болатын. Орталық директоры Марал Шлыкова педагогтардың балалармен ынғайсыз жағдайда жұмыс істегенін жеткізді.

— Тез арада  жаңа ғимарат тауып, балаларға қолайлы жағдай жасау өте қажет еді. Облыс басшылығының қолдауының арқасында қоныс тойын атап өтудеміз, — дейді Марал Шлықова.

Бірнеше жыл бойы бос тұрған ескі ғимаратты қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 170 млн. теңге бөлінді. Қосымша бөлінген 12 миллион теңгеге біз жиһаз және қажетті құрал-жабдықтар сатып алдық.

Егер бұрын орталықта 40 тәрбиеленушісі  оқи алатын болса, енді олардың саны 68-ге дейін артады.

Бірінші қабат оқу кабинеттерінен басталады, сонымен қатар, сенсорлық бөлме, Монтессори, емдік дене шынықтыру, массаж, физиотерапия, еңбек кабинеттері,  акт залы, асхана бар. Барлық бөлмелер түрлі-түсті дизайнмен безендірілген. Балалардың үш қабатты ғимараттағы ыңғайлы қозғалысы үшін лифт орнатылған.

Балалармен дефектолог, логопед, психолог тұрақты жұмыс жасайды. Мұнда реабилитациялық көмектің бірнеше түрі қамтылған: емдік дене шынықтыру мен массаждан басқа, ортопедиялық үстелдердегі жаттығулар, тренажер-вертикализаторлар, үлкен құрғақ бассейн, физиотерапия жабдықтары. Орталық аумағында балалар мен спорт алаңдары салынған.

— Орталық 2004 жылы ашылды. Жыл сайын біздің 3-4 тәрбиеленушіміз аяғынан нық тұрады, сөйлеу қабілеті қалыпқа келеді, — дейді Марал Шлыкова.

Салтанатты іс-шараның қонақтары үшін орталық тәрбиеленушілері концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Балалар бірнеше күн бойы би нөмірлерін дайындап, ән үйренген. Олар көрермендерге әсерлі көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарынан көрме әзірленген.

«Ажур» шығармашылық студиясында жобалар қолға алынуда десек, ол бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарындағы әйелдерге тоқу дағдылары тегін үйретілуде. Студия сонымен қатар тұрақты түрде еріктілікпен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар жүннен бұйымдарды тоқып, оларды әлеуметтік мекемелерге  тапсырады. Бұл туралы студия жетекшісі Дилафруз Махмадулоева айтып берді.

Жеке кәсіпкер Анар Бексұлтанованы  облыс тұрғындары жақсы таниды. Ол өз ісін ашып, тапсырыс бойынша қазақ келіндерінің жасауын дайындайды. Туғаннан екі қолы жоқ ол аяқпен тігін тігіп, өзге де барлық жұмыстарды атқара береді. Анар Бексұлтанова шеберлігінің сырымен бөлісіп, ерекше қажеттілігі бар әйелдерді жұмыспен қамтамасыз етуде.

Севара Нурматова өзінің «Джами» шеберханасының өнімдерін, әсіресе, ұлттық стильдегі сувенирлерді, түрлі материалдардан жасалған әйелдер сөмкелерін мақтанышпен көрсетті.

«Айналайын» ҚБ директоры Айгүл Разақова тігін және пішу негіздерін үйрететін шеберхананың жұмысы туралы баяндады.

№23 орта мектептің оқушысы Умидахон Ахунджанова да өзінің өнерін көрсетті. Ол өзінің өлеңдерімен ерекше адамдарды үрей мен өзіне деген сенімсіздіктен арылуға, өмірді сүюге  шақырды. Оның туындылары тыңдаушылардың жүрегін тебірентті.

— Сіздердің көпшілігіңіз жас болсаңыздар да үлкен ерліктің үлгісісіздер. Сіздер адамдарды қиындықтарды жеңуге және мақсатқа жетуге үндейсіздер. Умидахон өмірдің ең үлкен құндылық екенін тағы бір рет еске түсірді, — деді облыс әкімі жиналғандарға.

Ол мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдағанын атап өтті.

— Облысымызда 46 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрады, оның алты мыңнан астамы балалар. Оларды жұмыспен, дәрі-дәрмекпен, әлеуметтік көмекпен және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруымен қамтамасыз етудің кешенді әдісі әзірленді.

Біздің алдымызда әр аудан орталығы мен қалада мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған оңалту орталығын ашу міндеті тұр.  «Атлетик» спорт кешенін кеңейту, иппотерапияны дамыту жоспарлаланып отыр, — деді Б.Сапарбаев.

Сондай-ақ, соңғы төрт жыл ішінде Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Шу, Т.Рысқұлов аудандарында мүгедек балаларды оңалту орталықтары, шағын үйлер мен жартылай стационарлар ашылғанын айтып өту керек. Ал, 2021 жылы Талас ауданы Қаратау қаласында мүгедек балаларға арналған 25 орындық оңалту орталығын ашу жоспарлануда.

Салтанатты шара мәжіліс залындағы кездесуге ұласты.

— Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, соның ішінде балаларға протездік және ортопедиялық бұйымдар, коляскалар және басқа да жабдықтар беріледі. Олардың сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Ерекше жандарды одан әрі әлеуметтендіру үшін тиісті жағдайлар жасалуда, — деп қосып өтті облыс әкімі.

«Асар» мүгедектер ұйымы одағының төрағасы Руслан Төлегенов, жас ғалым Исаак Мустопуло, кәсіпкер Анар Бексұлтанова, мүгедектер арбасындағы би бойынша чемпион Талғат Аманбеков, паратаеквондодан екі рет әлем чемпионы Өмірәлі Нышан өз жетістіктері туралы әңгімеледі.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.