• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда ұландықтар бас жарақатын алған жеткіншекке алғашқы көмек көрсетіп, пышақпен жүрген бозбаланы ұстады

Күні кеше ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілері бір күннің ішінде жоғары қырағылық пен кәсіби шеберлік танытты.

26.09.2025
0
Жамбыл облысында терроризмге қарсы оқу-тәжірибелері өтті
19
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Олар басынан жарақат алған 9 жасар балаға көмек көрсетіп, қолында пышағы бар жасөспірімді ұстады.

Маңызды оқиғаның бірі Салтанат ықшам ауданында болған. Шаһардың тыныштығын қадағалап жүрген әскери жасақ жедел әрекет етіп, жарақат алған 9 жасар балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Ойын алаңында жүгіріп жүрген бала тербеліп тұрған әткеншекке соғысып, сол жердегі жиектасқа құлаған. Дереу көмекке келген әскери жасақ жеткіншектің басындағы терең кесілген жарадан қан кетіп жатқанын көреді. Патрульдік топ бастығы кіші сержант Асылхан Мырзабек қасындағы патрульшілерімен бірге жеткіншекке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дереу жедел жәрдем көлігін шақыртқан.

Дәрігерлер келгенше әскери жасақ баланың жағдайын бақылап, жарақат орнын таңып, қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

— Қан кетуді тоқтату әдісін қолдандық, жараны таңып, жедел жәрдем шақырдық. Анасына хабарласып жағдайды түсіндірдік. Оқиға орнына жедел келген дәрігерлер жарақат алған ойын баласының жарасына ем-дом жасады, анасымен бірге емханаға алып кетті, — дейді кіші сержант Асылхан Мырзабек.

Құқықтық тәртіп әскерінің сарбаздары сол күні Қаратау ықшам ауданында қырағылықтың тағы бір үлгісін көрсетті. Жауынгерлік қызметте жүрген әскери жасақ бастығы кіші сержант Еркеғали Жиембек, патрульшілер қатардағы Бақтияр Тұранов пен Ерлан Жарылғап түнгі сағат 22.00 шамасында Президент саябағының алдында тәртіп сақшыларын көріп, қашпақшы болған бозбаланың адымын аштырған жоқ. Жасақ бастығы кіші сержант Еркеғали Жиембек оның құжаттары мен жеке заттарын қаруға шешім қабылдады. Қолындағы сөмкеден пышақ табылған жігіт полиция бөліміне жеткізілді.

Бұл оқиғалар – Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің тек қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін ғана емес, сондай-ақ төтенше жағдайда көмек қолын созуға әрқашан дайын екендігінің дәлелі.

ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

Тегтер: Жамбыл облысыҚарулы күштерТаразҰлттық Ұлан

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты