• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
14.09.2026, 16:56
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда кезекте тұрғандарға 80 пәтердің кілттері табысталды

turan_admin turan_admin
29.11.2020, 14:06
Облыс жаңалықтары
Таразда кезекте тұрғандарға 80 пәтердің кілттері табысталды
494
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Таразда кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. 80 пәтерлі тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, оның ішінде балалар үйінің түлектері, толық емес отбасылар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар баспаналы болды. Қоныс тойын тойлағандардың қатарында ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдар мен бюджеттік қызметкерлері де болды.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды қуаныштарымен  құттықтады.
— Баспана мәселесі-әр адам үшін маңызды. Қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламалары іске асырылуда. 32 мыңға жуық тараздық тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл мыңға жуық пәтер, сондай — ақ аз қамтылған отбасылар үшін 180 пәтерлі жатақхана пайдалануға берілді,- деп атап өтті облыс әкімі.
Любовь Титоренко пәтерге ҰОС ардагеріне теңестірілген адам ретінде қол жеткізген.
«Бүгін мен үшін ең бақытты күн, өйткені өз пәтеріме ие болдым», — деп ағынан жарылды ол.
Тараздың тағы бір тұрғыны Назира Әбдірайым жалғыз басты ана ретінде кезекте тұрған. Ал бүгін Ол үшін нағыз қуанышты күн.
— Шынымды айтсам,  пәтер кілтін аламын күтпеген едім. Міне, енді менің де өз баспанам бар. Қуанышымды қалай жеткізерімді де білмей тұрмын. Бұл үшін атсалысқандардың барлығына рахмет, — деп әсерімен бөлісті Назира Әбдірайым.
Осылайша жаңа бесқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұнда барлық инженерлік коммуникациялар жүргізілген. Айта кетейік, үй жаңа 15 шағын ауданда орналасқан. Онда бірден бірнеше тұрғын үй салынуда. Қазір облыста 65 көппәетрлі тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асуда десек, оның 50 — ден астамы Таразда. Биыл 3146 пәтерлі 57 үй пайдалануға берілмек, 41-і «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтеруде. Жыл қорытындысымен 615 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26
№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.