• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда күдікті тоқтап тұрған көлікті соқты: 18 жастағы бала қайтыс болды

turan_admin turan_admin
29.11.2021, 18:32
Облыс жаңалықтары
Таразда күдікті тоқтап тұрған көлікті соқты: 18 жастағы бала қайтыс болды
307
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз қаласында жол көлік апаты орын алып, 18 жастағы жігіт оқиға орнында қайтыс болған. Жас жігіт тізгіндеген Nexia автокөлігінің артқы жағынан соққан 28 жастағы әкімдік қызметкері оқиға орнынан қашып кеткен. Іздеу жарияланып, күдікті 25 қараша күні ұсталды, кейін одан түсініктеме алып, қайтадан жібере салған. Сонымен қатар оның үстінен басқа іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқан.

Не болды?

23 қараша күні Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында таңғы сағат 06:30 шамасында Сейфуллин-Әл-Фараби көшелерінің қиылысында ЖКО орын алды. Оқиға орнында қайтыс болған Мейірбек Уалиханұлы жақында ғана 18 жасқа толған. Колледж студенті болған. Ол кешкі уақытта Нексия автокөлігімен такси жүргізушісі болып қызмет еткен. 23 қарашаның кешінде көлігінің дөңгелегі жарылып жол ортасында тоқтауға мәжбүр болып, апат кезіндегі қолданылатын белгілерді жол үстіне қойған. Қосымша дөңгелекті алу үшін көліктің жүксалғышын ашып тұрғанда арт жағынан BMW автокөлігі келіп соғады. Нексия көлігі оң жаққа, Мейірбектің өзі сол жақ бетке ұшып кеткен.

 

Таразда күдікті тоқтап тұрған көлікті соқты: 18 жастағы бала қайтыс болды
Мейірбек Уалиханұлы. Фото: Ағасы Нұрболдан алынды

Мейірхан Уәлиханұлының ағасы Нұрбол есімді азамат Orda.kz журналисіне оқиғаның анық-қанығын айтып берді.

– Есіміңіз кім?

– Нұрбол

– Оқиға Тараз қаласының қай жерінде болды және қалай болды?

– Негізі, көліктің дөңгелегі жарылып қалған, Сейфулин мен әл-Фараби көшесінде, сонымен көліктің жүк салғышынан артық дөңгелегі бар ма деп қарап жатқанында артынан келіп соққан. Аваринка жағып, белгі қойған.

– Қандай көлік?

-Nexia автокөлігі, жаңа көлік болған.  Дөңгелегін ауыстырып жатқан кезде соқпаған, белгіні қойып аваринкасын жақып, жүк салғыштан артық дөңгелегін алғалы жатқанда келіп соққан.

– Қай уақытта болған жағдай?

– Таңғы 6:10 кеткенде болған.

– Бала такси боп жүретін, үйленбеген 18 жасқа 4-5 ай бұрын толған. Колледжде оқитын, нақтысын айта алмаймын. Үйде төрт ағайынды, қарындастары бар. Жанұясын асырау үшін, әкесіне көмектесу үшін такси қызметінде жүрді. Үйлері жоқ еді, үкімет үй берген 10 мөлтек ауданынан.

– Екінші көлікпен соққан азамат қашан ұсталды?

– Қаққан баланы сол күні қамамаған, екі күннен кейін ұстадық деді. Екі күннен кейін түсінік алғанда қайтадан босатып жіберген. Біз президентке таң ертең үндеу жібергеннен кейін түсте қамадық деп хабар берді. Біз үндеу жібермесек қамамайтын еді.

– Төрт күндей бостандықта жүрген.  Жан- жағында ешқандай көлік жоқ сол көлікті соққан, әкімшілік қызметкері екен. Бізге камераларды көрсетпейді. Бізге тек қана бір ғана камераны көрсетті. Жан- жағында 2-3 жол бар болса да келіп сол машинаны соққан. Оқиға болған жердің фотосы жоқ, сол жерде абдырап жүріп түсіре алмадық. Бейнебақылауларды әкесінің өзіне әрең көрсетті, бірақ жазып алуға рұқсат бермеді.  Автокөлікті қатты соққыдан алдына дейін жинап тастаған, өзі жанында болған, тоғыз метрдей ұшырып жіберген, өзі айналып қашып кеткен.

– Тоқтап көрмеген бе?

– Тоқтамаған! Содан кейін біз оны екі күн іздедік. Полиция қызметкерлері де бізге жалған ақпарат берді. Сол кезде де «іздеп жүрміз» деді. Сосын екі күннен кейін өзі келді деді. Өзі келіп мойындады деді. Қасындағылары да ішіп алған. Қасындағылары да мойындаған. Оларды да ұстап алған. Басқа кафедегі видеоларды да жоқ қылып тастаған. Сол кафеде балалар естіген. Өзінің кафесі бар екен. Қазір атын ұмытып тұрмын. Малибуға қарама қарсы орналасқан. Өзінің кафесі бар екен! Балалардан естідік. Сол кафедегі видеоларды да жоқ қылып тастаған. Тайван жаққа машинасын тастап, ары қарай қашқан. Сол жақтағы видеолардың бәрін жоқ қылып тастаған. Анау қасындағы кісілерді видеомен ұстап алды ғой, соларды да жоқ қылып тастаған. Бір ғана видеоны көрсеткен оның өзі дұрыс түспей қалған. Ол Сейфулина да көптеген видеокамералар бар. Ол жақта «Бекарыс» дегенде де камера бар. Мына жағындағы «Лото» дегенінде де екі-үш камера бар. Заправка да екі-үш камера бар. Бәрін жоқ қылып тастаған.

Мен оқиға орын алған жерге бардым, бірақ видео, фото түсіретін шама болмады. Анасын ұстап қалдым. Әкесі өзі басқа қалада жұмыс істеп жүр еді. Әкесі біреудің камазын айдайды. Анасы жұмыссыз, кішкентай балаларына қарайды. Кіші балаларының бәрі мектепке барып жүрген мектеп жасындағы балалар.

Әкімдік қызметкері

BMW тізгіндеген азамат расымен да Тараз қаласы әкімдігінде жұмыс істеген. Бірақ 2021 жылдың 25 наурызында өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.

«2020 жылдың 10 қыркүйегінде «Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігіне қарасты «Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына қабылданып, аталған қызметте 6 ай қызмет атқарып, 2021 жылдың 25 наурызында өз өтініші негізінде қызметінен босатылған. Бүгінгі күні Ж. қала әкімі аппараты мен қала әкімдігі бөлімдерінде жұмыс істемейді және ешқандай еңбек қатынастарында тұрмайды» делінген әкімдіктің Orda.kz тілшісіне берген жауабында.

Сонымен қатар, жол көлік оқиғасына қатысы бар BMW көлігі жүргізушісінің қазіргі таңда Тараз қаласы №2 сотында «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша сотта ісі қаралуда. Бұл қылмыстық істе Ж. Тараз қаласы әкімдігі аппараты «Медиа орталық» КММ басшысы ретінде ЖШС-ға аяқталмаған жұмысқа толық төлем жасап жібергені қаралып жатыр. Сомма көлемі: 79 млн теңге.

Полиция қызметкерлері не дейді?

Редакция тілшісінің сауалына Жамбыл облысы полиция департаментінен төмендегідей жауап келді:

«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен 28 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды» делінген жауапта.

Қайтыс болған 18 жастағы жігіттің туыстары оқиғаға себеп болған азаматтың заң шеңберінде толық жазалануын талап етеді.

– Жазасын алсын, – дейді марқұм Мейірханның ағасы Нұрбол.

Исламбек Дастан, Тараз қаласы

Дереккөз-https://kaz.orda.kz/tarazda-k-dikti-to-tap-t-r-an-k-likti-so-ty-18-zhasta-y-bala-ajtys-boldy/#part=3

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.