• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 03:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда экологиялық акция жалғасуда

Таразда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 200-ден астам жас еріктілердің басын қосқан күзгі тазалық жұмыстары жүргізілді.

turan_admin turan_admin
02.10.2024, 14:49
Қала жаңалықтары
Таразда экологиялық акция жалғасуда
46
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып, елді мекендердің аумақтарын абаттандыруға бағытталған. Науқанның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету.

Акция жастардың қала тазалығын сақтауға және экологиялық жағдайды жақсарту шараларына белсенді қатысуға ықпал етеді. Шараға қатысушылар айналаны тұрмыстық қалдықтардан ластану мәселесіне баса назар аударып, канал маңы мен оған жақын аумақтарды қоқыстан тазартты.

—Бүгін Сеңкібай каналының маңайында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында күзгі тазалық жұмыстары жалғасып жатыр. Акцияға жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, қоғамның түрлі сала өкілдері атсалысуда. Тазалық жұмыстары барысында каналдың жағасы ғана емес айналасында тұрған үйлердің, стадионның маңайын толық қоқыстан тазартып жатырмыз. Жалпы бұл акция басталғалы шалғай ауылдардағы бозбалалар мен еңкейген қарттарымызға дейін атсалысып жатқанына куә болдық. Бұгінгі акцияға отызға жуық студент қатысып отыр. Ал жаз бойғы тазалық жұмыстарында 300-ге жуық тазалыққа бей-жай қарамайтын студенттер белсенділік танытты. Одан бөлек қала тұрғындарынан да өз үйлерінің айналасын талап беру туралы өтініштер де түсіп жатады. Ондай өтініштерді біз жерге тастамай, шама-шарқымыз келгенше атқарып береміз. Жалпы студенттер мұндай жарияланбайтын тазалық жұмыстарына да ынталы. Мәселен кешелі бері үш бірдей қарияның ауласын тазалап бердік. Ал бүгінгі жұмыстарға еріктілер де білек сыбана кірісіп жатыр. Атсалысып жатқан барша белсенді азаматтарға алғысымызды білдіреміз, — деді Қазақстан студенттер альянсының Жамбыл облысы бойынша филиал басшысы Дархан Байпақ.

Мұндай іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, тұрғындарға тазалық пен табиғатты сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге көмектеседі. Өскелең ұрпақ үшін мұндай іс-шараларға қатысу – азаматтық позициясын танытуға, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін оятуға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар бұл акция жаңа аумақтарды қамтып, қаланы абаттандыру бойынша жүйелі шаралар аясында жалғасатынын атап өтті.

—Жастарымыздың осындай іс-шараларға белсене қатысып жатқанын көріп, ерекше қуанып жатырмыз. Бұл олардың туған қаласына деген жоғары әлеуметтік жауапкершілігі мен қамқорлығын көрсетеді. Біз үшін қоқысты шығарып қана қоймай, қоршаған ортаны құрметтеу мәдениетін қалыптастыру маңызды. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпаққа қала тазалығы жалпы еңбек пен тәртіптің нәтижесі екенін ұғындыруымызға ықпал етеді. Әрқайсымыз айналамыздағы тазалыққа жауапты екенімізді қаншалықты тез түсінсек, соғұрлым қаламыз бен өміріміз көркейе түседі. Бүгінгі акция экологиялық таза және жайлы  шаһарда өмір сүру жолындағы қадам болады деп сенеміз, — деді Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гауһар Олжабаева.

Тегтер: акциясенбілікТаза Қазақстан
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тараздағы қанды оқиға: 24 жастағы жігітті пышақтап кетті

Тараздағы қанды оқиға: 24 жастағы жігітті пышақтап кетті

05.10.2026, 15:55
AI әр әйелге қолжетімді: Таразда Women in Tech Kazakhstan тегін оқыту мен цифрлық қауіпсіздық туралы кездесу өткізді

AI әр әйелге қолжетімді: Таразда Women in Tech Kazakhstan тегін оқыту мен цифрлық қауіпсіздық туралы кездесу өткізді

03.10.2026, 14:05
Таразда Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтпейтін болды

Таразда Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтпейтін болды

25.09.2026, 18:28
«Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы» байқауы өтті

«Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы» байқауы өтті

23.09.2026, 17:31
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.