• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде

turan_admin turan_admin
22.11.2021, 21:42
Облыс жаңалықтары
Таразда дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде
315
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте 17-18 қараша күндері облыс аумағында орын алған қатты дауылдың салдарын жою мәселелері қаралды.

Жамбыл облысы бойынша ТЖ департаментінің басшысы Ермек Момбаевтың айтуынша, Тараз, Сарысу, Талас, Жуалы, Байзақ, Шу, Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандарында желдің жылдамдығы секундына 26-38 метрге жеткен.

Өңірдегі 137 елді мекеннің 53 840 абоненті жарықсыз қалған. ТЖ салдарын жою үшін «Жамбыл электр желілері» ЖШС тарапынан 53 бригада, 49 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта барлық нысандар жөнделіп, электр желісіне қосылды.

Электр желілерінің зақымдалуына байланысты Тараз қаласындағы 57 көпқабатты тұрғын үйді және 8 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз ететін «Таразтрансэнерго» МКК-ның 5 қазандығы баламалы электр көздеріне (дизельдік генератор) қосылды. Қаратау қаласындағы «Игілік» МКК-нің орталық қазандығы жедел түрде «KEGOС» АҚ желісіне ауыстырылып, электр жарығы бір сағат ішінде қайта берілді. Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарында әлеуметтік нысандардың қазандықтары резервтік электр желісіне қосылып, жылу беру үзілген жоқ. Қазіргі таңда барлық қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Қатты жел жалпы 6,5 шақырымды құрайтын газ құбырына да зақым келтірді. Барлық апатты учаскелер қалпына келтіріліп, 545 абонент газға қосылды.

Тараз қаласында 107 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры, Жаңатас қаласында 2 көпқабатты үй, Талас ауданы Ақкөл ауылында 1 көпқабатты үй, барлығы 78 әлеуметтік нысан зардап шеккен. Сондай-ақ, Тараз қаласында 66, Талас ауданында 71, Байзақ ауданында 185 жеке тұрғын үй түрлі деңгейде бүлінген.

Қазір бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Автокөлік және жаяу жүргіншілер жолындағы құлаған ағаштар тазаланды. Жолдарда көліктердің кептеліс оқиғасы жоқ.

Ермек Момбаев қазіргі уақытта жағдай тұрақты екенін баса айтты.

Басқосуда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім саласының басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Бердібек Сапарбаев әкімдерге өз күштерімен демеушілерді тарта отырып, барлық бұзылған нысандарды тез арада қалпына келтіруді тапсырды.

– Міне, осындай қиын сәттерде бір-бірімізге қолдау білдіріп, ауызбіршіліктің үлгісін көрсетуіміз керек. Біз қателіктермен жұмыс істеп, кез келген жағдайға дайын болуымыз қажет. Әлеуметтік нысандарға тексеріс жүргізіп, оның маңыздылығын тұрғындарға түсіндіріңіздер. Олқылықтарды реттеңіздер. Мектептерде қалпына келтіру жұмыстары мердігерлер есебінен жүруі керек. Бұл мәселені білім басқармасы қадағалайтын болады. Аудан әкімдері шаруашылық ғимараттардың қауіпсіздігін тексеруі тиіс. Қалада «Jardem-109»  қызметінің жұмысын күшейтіп, тұрғындармен кері байланыс орнату қажет.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Жамбыл облысындағы дауыл кезінде қаза тапқан азаматтың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.