• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда COVID-19 емделушілеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды

turan_admin turan_admin
21.08.2020, 14:04
Облыс жаңалықтары
Таразда COVID-19 емделушілеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды
373
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

      Бұған дейін белгілі болғандай коронавирустық науқастың ағзасына айтарлықтай зиян келтіреді. Науқастың инфекциялық стационардан емделіп шығуы – денсаулығының толық қалпына келгенін білдірмейді. Дәрігерлердің өздері «COVID-19»-дан өткен адамға медициналық оңалту қажеттігін айтады.

Осыған орай Тараз қаласында коронавирустық инфекцияға шалдыққан адамдарға арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды.

Бейсенбі, 20 тамыз күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орталықты аралап, медициналық-оңалту көмегінің ұйымдастырылу жағдайымен, жабдықтармен танысып, ем алушылармен және медициналық қызметкерлермен кездесті.

— Орталық әртүрлі деңгейдегі ауруға шалдыққан науқастар үшін әрқашан ашық. Тәулік бойы ем алатындарға 120 орын дайындалған десек, бұдан басқа біз адамдарды амбулаториялық және күндізгі стационарға қабылдай аламыз. Біздің мекемеде облыс орталығының және аудан тұрғындары да оңалтудан өте алады, — деді оңалту орталығының бас дәрігері Динара Кәрібаева.

Аймақ басшысы өңірдің әр түкпірінен келетін пациенттер үшін 120 төсектің қаншалықты жеткілікті екендігін сұрады. Медицина қызметкерлері қолда бар төсек-орынның жеткілікті деп сендірді, өйткені ауыр жағдайдағы аурулардан басқа, 200-ден астам адам орталықтың қызметін амбулаториялық негізде пайдалана алады.

— Реабилитологтар мен емханалардағы мамандар науқастарды бағыттау шкаласын және балдық жүйе бойынша емдеу қарқындылығының қажетті деңгейін анықтайды. Аурушаңдықтың  сипаты осы көрсеткіштерге байланысты — амбулаториялық, күндізгі стационар немесе тәулік бойы орналастыру болып белгіленеді, — деп түсіндірді Д. Кәрібаева.

Орталық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Мұнда Қазақстан мен Литвада кәсіби даярлықтан өткен білікті дәрігерлер жұмыс істеуде. Барлығы жаңа орталықта 75 маман жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жұмысқа оннан астам тар бейінді мамандар тартылды, себебі COVID-19 полиоргандық ауру болып табылады.

Коронавируспен ауырған көптеген науқастарда әлсіздік, өкпенің зақымдалуына байланысты тыныс алудың қиыңдауы байқалады, бұл дене тіндерінде оттегі алмасуының бұзылуына әкеледі. Қалпына келтіру әртүрлі жолдармен жүреді.

— Медициналық оңалтудың міндеті — физиотерапия, емдік дене-шынықтыру және басқалары сияқты дәстүрлі және альтернативті медицина көмегімен дененің бұзылған функциялары мен науқастың денсаулық жағдайын барынша қалпына келтіру.  Мамандар тыныс алу жүйесін қалпына келтіру, ағзаның күйзеліске орнықтылығы, науқастардағы стрессті, мазасыздықты немесе депрессияны жеңу бағытында жұмыста жүргізуде, — дейді денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Хамит Мырзақасымов.

Алғашқы жұмыс күнінде-ақ орталық COVID-19-мен күресте зардап шеккен 30-дан астам медицина қызметкерлерін қабылдады.

Бердібек Сапарбаев пациенттердің денсаулығының қорытынды жағдайына айырша назар аударды.

— Жағдайды  бақылауда ұстап, ем алушылардың көңіл-күйі мен иммунитетінің жақсарғанын қадағалап отыруы керек. Ең бастысы – сапалы нәтижеге қол жеткізу, — деді ол.

Орталықта қолданылатын физиотерапиялық емдеудің түрлі әдістерінің көмегімен құрысулар жойылып, ісіну азаяды, тіндердегі қабыну және аутоиммунды реакциялар төмендейді, адгезиялардың алдын алады.

— Өкпенің жұмысын жақсартатын тыныс алу жаттығулары арнайы жаңа құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылады.  Ауыр жағдайдағы науқастар аса зорықтырмайтын тренажерлармен айналысады. Науқасқа бөлінген уақыт оның ағымдағы жағдайына байланысты. Күніне орта есеппен 80-нен астам адам емдік денешынықтыру курсынан өте алады, — деді емдік денешынықтыру нұсқаушысы Ізімжан Кибиров.

Аймақ басшысы оңалту процесіне жеке көзқарасын білдірді.

— Қазір көп нәрсе физикалық белсенділікке байланысты, ем алғандар көбірек қозғалып, таза ауамен тыныс алу керек.   Мұндай аурудан кейін өкпенің жұмысын қалпына келтіруі керек, — деді ол.

Сонымен қатар, орталықта қабынуды басуға және тыныс алу қызметін жақсартуға арналған дәрі-дәрмектермен аэрозольді терапиясы қолданылады.

— Біздің жасап жатқан ісіміз уақыттың талаптарына жауап беруі керек. Оңалту тек коронавирустық инфекциядан кейін ғана емес, әрдайым жүргізілуі керек. Әр ауданда оңалту орталығының филиалдары ашылуы қажет. Сондай-ақ, қазір біз коронавирустық пандемияның екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Оның ағзаға әсерін зерттеуге, сондай-ақ кез-келген жағдайға дайын болу үшін азаматтардың иммунитетін көтеруге уақыт бар, — деді Бердібек Сапарбаев.

Кәсіби қалпына келтіру шаралары аурудан және оның зардаптарынан толық айығудың кепілі болып табылады. Бұл оңалту орталығында коронавирустық инфекциядан қалпына келтіру шаралары – емдеу нәтижелерін бекітуге көмектеседі.

Бердібек Сапарбаев алдағы күндері оңалтудан өтуге ниеттілердің саны артатындығын, ең алдымен ауыр жағдайдағы науқастарға, дертен айыққан медицина қызметкерлері мен қосымша қауіпті аурулары бар адамдарға көмек көрсету керектігін айтып өтті.

Оңалтуға жолдама беруді құрамына қоғам өкілдері енген арнайы құрылған комиссия жүзеге асырмақ. Мұнда пациенттер тек оңалтуды ғана емес, сонымен бірге психологиялық көмек алады.

Бердібек Сапарбаев орталықтағы ем алушыларды әңгімеге тартып, сауықтырудан өтіп жатқан медицина қызметкерлеріне жанқиярлық жұмыстары үшін алғысын білдірді. Оларға мықты денсаулық және қатарға тез оралуларын тіледі.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.