Оның үстіне, Тараз қаласы әкімінің қаулысымен 1 наурыз және 26 сәуір аралығында көне шаһарда тазалық айы жарияланды. Осы ретте бүгін яғни, 15 наурыз күні облыс орталығында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Осынау жұмыстарға біркісідей атсалысқан өңірлің Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері кезекті рет сенбілік өткізді. Бұш күнгі тазалық жұмыстары барысында мекеменің аумағы күл-қоқыстан арылып, ғимарат ауласында санитарлық шаралар қолға алынды.