Бұл ретте оған аталған мекеменің арнайы есеп тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Арайлым Сәттібева мен Жамбыл аудандық көші-қон қызметінің өкілдері жәрдемдескен.
Өз кезегінде жеке куәлігі жаңартылған ер адам көмек қолын созған тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, бұл күнде құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынуда.