• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 7 отбасы баспаналы болды

turan_admin turan_admin
04.12.2021, 16:50
Облыс жаңалықтары
Таразда «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 7 отбасы баспаналы болды
255
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен өңірде «Асарлатып үй салу» жобасы өткен жылдан бері қызу қолға алынып, көптеген мұқтаж отбасылар баспаналы болуда.

Бұл жолы Тараз қаласындағы жеті отбасы үйлі болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан сауапты істен Тараз қаласының кең жүректі азаматтары да  қалыс қалмай, «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабынан қаралған жер телімінде 15 үйдің құрылысын бастаған болатын.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ол үйлердің жетеуі пайдалануға берілді. Қалған сегіз үйдің де жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қоныс той иелерін арнайы құттықтады.

— Ежелден елдік  мұратты,  ұлттық  құндылықты  ерекше  дәріптеген халқымызда  ғасырлар  бойы  кісіліктің көркем үлгілері қалыптасқан. «Жұмыла  көтерген  жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі  қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы  да осында.

Қазақ  топырағында  қалыптасқан  «Асар»   игі дәстүрі  соның  бір айғағы. Бүгінде ұлттың  болмысындағы  осы бір ерекше қасиет   облысымызда жаңғырып, жалғасын тауып, туған-туыстар мен ауылдастар жиылып мұқтаж жандарға көмек қолын созуда. Оған  жергілікті билік те атсалысуда.

Біз сонау ашаршылық және соғыстан кейінгі қиын жылдары да бір-бірімізге қолғабыс білдіріп, бірлігімізден айырылмаған елміз. Өзге ұлт өкілдерін де бауырымызға басып, мейірімділік танытқанбыз. «Асарлатып үй салу» жобасының мақсаты тек мұқтаж жандарға үй салып беру ғана емес, өзара бірлігіміз мен ынтымағымызды, қоғамдағы өзара келісімді, қамқорлықты арттыруға негізделген,-деген Бердібек Сапарбаев қоныс той иелеріне кілттерді тапсырып, қуаныштарымен құттықтады. Үйлердің құрылысына атсалысқан барша азаматтарға, жеке кәсіпкерлер мен қала басшылығына ризашылығын жеткізді.

Облыс әкімі өз сөзінде «Жомарт түлек», «Таразға тарту» секілді бастамашыл жобалар аясында демеушілер есебінен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелеріне де тоқталып өтті.

Қоныс той иелері атынан сөз алған Айда Абдезова өзі секілді талай жыл пәтер жалдап келген отбасылар, көпбалалы аналар үшін бұл үлкен көмек, тамаша тарту екенін ақжарыла айтып, облыс басшылығына, атсалысқан барша жандарға ризашылығын жеткізді.

— Жоба аясында үйлі болғанымыз біздің үлкен отбасымыз үшін зор қуаныш. «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл» демекші, осындай игі іске азаматтарды ұйыстыра білген аймақ басшылығына мың алғыс. Ертең менің анамның туған күні еді, соған орай бұл теңдесіз сыйлық болып отыр,-деді ол қуаныштың көз жасына ерік беріп…

Айта кетейік, тұрғын алқапта инженерлік-инфрақұрылымдық мәселелерді оңынан шешілуде. Жарық, газ тартылған, келер жылы таза ауыз су, содан соң жол мәселесі түбегейлі шешілетін болады.

Жақын маңнан жаңа мектеп те бой көтеруде.

Пайдалануға берілген үш бөлмелі әр үйдің аумағы сегіз соттықтан, аулаларына өрнектастар төселіп, қоршау да орнатылған.

Сонымен қатар, әр бөлме қажетті жиһаздармен  жабдықталып, тұрмыстық заттармен де қамтылған.

Жалпы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында облыс бойынша былтыр 99 үй салынса, биыл 133 үй тұрғызу жоспарланған. Қазіргі дейін 75 үйдің құрылысы аяқталды, қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Бұдан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталған тұрғын алқапта бой көтеріп жатқан 600 орынды жаңа мектептің құрылысы барысымен танысты.

Мердігер «Темір Строй сервис и Ко» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталған нысан келер жылдың басында пайдалануға тапсырылмақ.

Аймақ басшысы жұмыстарды сапалы әрі жеделдетіп жүргізуді, білім ордасының ішкі және сыртқы әрлеп, абаттандыруға айрықша ден қою керектігін баса айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.