• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

turan_admin turan_admin
01.03.2021, 15:55
Облыс жаңалықтары
Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды
1.2k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері бас қосты десек, оған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та арнайы қатысты. 

Мерекелік шараға жиналғандар алдымен жүздеген этнос өкілдерін құшағына басқан қазақ халқының бауырмалдығын айшықтайтын «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды. Айта кету керек, салтанатты шаралар барысында барлық санитарлық талаптардың  сақталуына аса мән берілді.

Аймақ басшысы өзінің құттықтау сөзінде Алғыс айту күні – бірлік, келісімнің және өзара сыйластықтың жарқын мерекесі екендігін айрықша атап өтті.

— Құрметті жерлестер, осыдан бес жыл бұрын Қазақстандағы түрлі ұлттардың өкілдерін бір шаңыраққа топтастырған сонау қиын кезеңдерді еске түсіретін тамаша мереке пайда болған еді. Ашаршылық, соғыс және репрессия жылдары біз бір нанды бөлісіп жеп, бір-біріміздің ұлтымызға қарамай достаса білдік. Тәуелсіздік жылдарында біз басты байлығымыз – бейбітшілігіміз бен ынтымағымызды одан әрі нығайта түстік. Ал бұл өз кезегінде еліміздің экономикалық дамуының негізі болып табылатын тұрақтылығымыздың кепілі болып табылады. Әрбір азамат ұлттар достығын нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Осы орайда мен Алғыс айту күні коронавирус пандемиясының қиын сәттерінде халыққа көрсеткен көмек-қолдауы үшін барлық этномәдени бірлестіктер мен облыс жастарына алғысымды білдіргім келеді. Осындай күрделі кезеңнен аман-есен өтуі үшін біздің бірлікте болуымыз аса маңызды. Облыс басшылығы атынан барша жамбылдықтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Барлық қуаныш пен қиындықта бір-бірімізге әрдайым демеу болып, елімізде және әр шаңырақта тыныштық орнап, береке-бірлігіміздің артуын тілеймін,- деді Б.Сапарбаев.

Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің атынан «Тараз қаласының өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов сөз алып, орамды ойларын ортаға салды.

— Алғыс айту күні мерекесі – кезінде бізге құшағын айқара ашып, бауырына басып, қолындағы барымен бөліскен қазақ отбасыларына деген құрметіміздің белгісі деп түсінеміз. Олар өздерінің жағдайы аса жақсы болмаса да, бізді кеудемізден итеріп, далаға қалдырған жоқ. Мұның бәрі халықтар достығын нығайтуға ықпал етеді. Бүгін мен ыстық пейілі мен қолдауы үшін  қазақ халқына алғысымды білдіргім келеді, — деді ол.

№34 орта мектептің директоры, дүнген этномәдени бірлестігінің белсендісі Динара Нұралиева да арнайы лебізін жеткізді.

— Мен елімізді мақтан тұтамын, өйткені, жүздеген ұлт өкілдерінің мамыражай мекеніне айналған Қазақстаннан бүгінде барша әлем елдері үлгі алуда. Солардың ішінде біздің дүнген ұлты да бар. Біз қазақтардың ата-бабаларымызға танытқан қонақжайлығын ұмытпауымыз керек. Біздің болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз – бізге дейін бүлінбей жеткен бейбітшілік пен келісімді сақтап қалу, — деді ол.

Мерекелік шаралар этномәдени бірлестіктердің халық шығармашылығы және ұлттық тағамдар көрмесімен жалғасты. Келушілер Жамбыл облысында тұратын этностардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысуға, сондай-ақ ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Сондай-ақ, шара қонақтары Алғыс айту күніне орай «Арбат-1» аллеясына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Мереке күндері облыс орталығының аумағында барлығы 1000 түп ағаш отырғызылды десек, бұл «қазақ халқына мың алғыс» түсінігінің маңызын арттыра түскендей. Ағаш отырғызуға аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев та қатысты. Облыс әкімі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге шырша көшеттерін отырғызып, су құйды. Мәңгі жасыл ағаш саналатын өсімдік – мәңгілік бейбітшілік пен Қазақстан халықтарының достығын бейнелейді.

 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.