Әдеби кештің шымылдығы өнер иесінің өлеңдерінен құралған поэтикалық-композициялық көрініспен ашылды.
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев ақынға шығармашылық табыс тілеп, өңірде қаламгерлерді қолдау шаралары жалғаса беретінін жеткізді.
Кеш барысында автордың лирикалық сарындағы өлеңдері оқылып, әуезді әндер шырқалды.
Сондай-ақ, бұл күні өнер иесінің «Фәни-Құбылыс» атты кітабының тұсауы кесілді.
Кеш барысында белгілі әнші-композитор Әбиірбек Тінәлиевтің орындауында «Фариза» әні шырқалды.
Кешке арнайы келген белгілі ақын, жазушылар Ұлықбек Есдәулет, Нұржан Қуантайұлы, Ғалым Жайлыбай, Светқали Нұржанов, Мақсат Мәлік және Пернебай Дүйсенбин, Елен Әлімжан, Шырын Мамасерікова, Маралтай Райымбекұлы мен Ерлан Жүніс сондай-ақ өзге де жергілікті зиялы қауым өкілдері кеш иесінің шығармашылығы жөнінде ой толғап, игі тілектерін жеткізді.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі