2020 жылдың желтоқсан мен 2021 жылдың шілде айлары аралығында Тараз қаласының тұрғыны алдау жолымен, капиталды көбейту сылтауымен Тараз қаласының орталығындағы ірі ғимараттардың бірінде кеңсені жалға алып, 24 азаматтың 200 млн. теңгеден астам сомаға алтын бұйымдары мен ақша қаражатын иемденген.
Алданған азаматтардың өтініштері бойынша Тараз қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөлімі ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қоғалып, қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, сотқа жолданды.
Тараз қаласының №2 сотының 2022 жылғы 1 шілдедегі үкімімен ол 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Тараз қаласы мен облыс тұрғындарын тиімді ұсыныстар мен үстеме пайда туралы кез келген ақпаратты, оның ішінде капиталды көбейтуді мұқият тексеруге шақырамыз, күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз және олардан аулақ болыңыз, өз мүлкіңізді қорғаңыз.
Дереккөз-Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі






