Лұқман Хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол: «Байлықта, даңқта адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш- жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты», – деген екен.
Еліміздің болашағы жас ұрпақ екенін ескерсек, сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең, білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын «зиянды әдеттерден» аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарымызды тәрбиелеу, жастарымыз өздерін-өзі бақылай, тежей алатындай, зиянды әдеттерден сақтандыруда гумандық көзқарас қалыптасатындай халге жеткізу керек.
Дәл осы мақсатта ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні №5,48 мектептерінде «Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-ның тапсырысымен «Тең-теңімен» қағидасымен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында еріктілер қозғалысын дамыту» атты әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» ЖҚБ «Тең-теңімен» қағидасын түсіндіру бойынша белсенді жастармен кездесу өткізілді, кездесуге тақырыпты ашу мақсатында «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» ЖҚБ-нің атқарушы директоры Ж.Дүйсетов, «Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-нен маманы, лектор Б.Сарыбаева, «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» ЖҚБ-нің «Жас депутаттары» О.Теміралиев пен Б.Ералиев қатысты.