Қазіргі таңда Тараз қаласы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасынының негізінде 05.07.2021 жылы бастап, Жамбыл облысы «сары аймаққа» өтіуіне және «Үнді дельтасы» штаммының айналымының анықталуын ескере отырып, «Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын катаңдату туралы» Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 05 шілдесіндегі №7 қаулысы шығрылып, 2021 жылдын 07шілдеден бастап күшіне енді.
2021 жылдың 08.07.2021-22.07.2021ж аралығында COVID-19 (коронавирустық инфекция+пневмония) –785жағдай тіркелді (КВИ-604, пневмония –181),15.07.2021-22.07.2021ж. аралығында COVID-19 (коронавирустық инфекция+пневмония) – 471 жағдай тіркелді (КВИ-370, пневмония –101), ал маусым айында COVID-19 (коронавирустық инфекция+пневмония) – 645жағдай тіркелді (КВИ-410, пневмония –235). Талдау барысында инфекция жұқтырғандардың жас құрамы:
14 жасқа дейінгі балалар – 74 (9,4%),
15-19 жас – 33(4,2%),
20-29 жас – 33(4,2%),
30-39 жас – 125 (15,9%),
40-49 жас – 835 (15,5%),
50-59 жас – 965 (17,9%),
60-69 жас – 1003 (12,1%),
70 жастан жоғары – 649 (12,1%).
Науқастанғандарың басым бөлігі 50 жастан жоғары тұлғалар құрайды. Сондай ақ инфекция жұқтырғандардың көбісі зейнеткерлер мен өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар. Әрбір тіркелген коронавирустық инфекциясының жағдайы бойынша инфекцияның жұқтыру көзін анықтау және инфекцияның әрі қарай таралуын болдырмау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық тексеру іс-шаралары жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық тексеру барысында инфекцияның нақты жұқтыру көздері белгісіз, жұқтыру көзі қоғамдық орындар және отбасында жақын қарым-қатынас жағдайынында орын алғандығы анықталады. Мысалы, отбасында 1 адам ауырса, отбасының басқа мүшелеріне жұқтыру фактілері анықталып отыр. Оған үй карантиніне оқшаулануға алынған тұлғалардың, оқшаулау талаптарын дұрыс сақтамауы мен үй карантинін сақтауға үй жағдайларының сәйкес келмеуі себеп болып отыр.
Тараз қаласында коронавирустық инфекциясымен науқастанған тұлғаларды емдеуге арналған инфекциялық ауруханаға қоса: «Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» (250 төсек-орындық); «Қалалық көп бейінді ауруханасы» (240 төсек-орындық); Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы (19 төсек-орындық) жұмыс істеуде.
2021 жылдан бастап ауруханада 2767 науқас жатқызылып, емделді. Ал 2607науқас амбулаторлық жағдайда ем қабылдады Облыстық ауруханалардағы инфекциялық және реанимациялық төсек және дәрі-дәрмек жеткілікті. Тараз қаласында COVID-19 вирусына ПТР (полимеразды тізбекті реакциясы) зерттеу 6 зертханада жүргізілуде:
Ұлттық сараптама орталығы,
Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы,
ЖО СПИД орталығы,
«Alatau cliniс» ЖШС,
«Инвиво» ЖСШ,
«Олимп» клинико-диагностикалық зертханасы ЖШС. 2021 жылдың 1 ақпанынан Республика бойынша, оның ішінде Тараз қаласы бойынша коронавирустық инфекциясына қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Бірінші кезекте жоғарғы қауіп тобы бойынша: медициналық қызметкерлер, мұғалімдер және тікелей халыққа қызмет көрсететін мамандар коронавирустық инфекциясына қарсы екпемен қамтылды.
Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе жұмыстарын жүргізу үшін 14 егу пункттері жабдықталып, дайындалды. Және де жылжымалы егуге арналған авто көлік «Ауыл Береке», «Қайкармет» базарларында және «Скиф Трейд» супермаркетінде жұмыс жасады.
Бүгінгі күні Тараз қаласы бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакңцинаның 1-компонентімен 93452, бұл халықтың 39,0% екпемен қамтылды. Вакцинаның 2-компонентімен 55428 тұлға екпе алды, бұл халықтың 23,1%. Тараз қаласы аумағында эпидемиологиялық талаптарды сақтау және шектеу нормаларын бұзылуының алу бойынша 4- мобильдік топ құрылып жұмыс жүргізілуде.
Бұзу фактілері көбіне тойханалар, компьютер клубтары, плейстейшн ойын орындары, бильярд, түнгі клубтар, сондай-ақ сауда орындарында орын алуда. Осы нысандарда ұжымдық іс-шаралар өткізіліп, карантиндік уақыт режимін сақтамағаны үшін анықталған заң бұзушылықтар бойынша – 454 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 87130 015 млн тг көлемінде айыппұл салынды.
Карантин тәртібін бірнеше мәрте бұзғандығы үшін 21 материал әкімшіліксоттың қарауына жолданып, сот шешімі шықты.
Осы 2021 жылы 266 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 45 234 775 теңге көлемінде айыппұл салынды. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде объектілерде «Ashyq» жүйесінің болуына және келушілердің «Ashyq» бойынша өтуіне назарға алынады. Тараз қаласы бойынша жеке кәсіпкерлер «Ashyq» бағдарламасына қатысуда. Кәсіпкерлер үшін қосымшамен жұмыс істеуде QR-кодты алып, бүгінде өтініш берген 413 объект, олар- кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану (мейрамхана, дәмхана, асхана), фитнес клубтар, бильярд, компютьерлік клубтары, СПА орталықтары,сулулық салондары т.б.
Бүгінде дәмханаға барған, «Қызыл» түс белгенген ПТР-тесті оң нәтиже шықан 30 адам тіркелінді, «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған 63 адам тіркелді, олар үй карантине алынған тұлғар өзін-өзі оқшаулану режимін бұзғандар. Дәмханаға бұл адамдар кірізілмеген. Жергелікті емханаларға хабарлама жіберілді. Карантиндік режімді бұзған үшін 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның ішінде кәмелетке толмаған тұлғаға 5АЕК (15585 теңге) көлемінде, жалпы 59340 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қала денсаулықты қорғаудың және індетке жол бермеудің жалғыз құралы тек вакцинация болып табылады.
Маска режимін және әлеуметтік қашықтықты барлық жерде сақтау қажет. Кәзір инфекцияның негізгі орындары базарлар, қоғамдық көліктер, мейрамханалар, кафе, демалыс саябақтар мен көшелердегі адамдар көп жиналатын орындар болып табылады. Вакцинация, маска режимі және әлеуметтік станция бұл індеттің өршуі кезінде өмір сүрү жағдайлары.